О внесении дополнений в решение Аккольского районного маслихата от 21 августа 2013 года № С 23 – 3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Аккольского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение Аккольского районного маслихата от 21 августа 2013 года № С 23 – 3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Аккольского района»
- Атауы (қаз.)
- «Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Ақкөл аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 21 тамыздағы № С 23 - 3 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С 48-3
- Қабылданған күні
- 01.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2018 92229_317502.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15BC004898
- ЭКБ идентификаторы
- 92229
- Редакция идентификаторы
- 92229_317502
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:17
0 «Ақкөл ауданының әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»
Ақкөл аудандық мәслихаттың 2013 жылғы
21 тамыздағы № С 23 - 3 шешіміне
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 21 тамыздағы № С 23-3 «Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 3805 тіркелген, 2013 жылғы 20 қыркүйекте аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины КZ» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
8 тармақ келесі санатпен толықтырылсын:
«аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттеріне;»;
9 тармақ келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
«жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін Ақкөл ауданында бес жыл мерзімінде жұмыспен өтеу есебімен. Төлем білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасында жасалған келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған азаматтар (отбасылар) қатарына жататынын немесе халықтың әлеуметтік-әлсіз тобына жататынын растайтын анықтама негізінде аудандық бюджет есебінен жүргізіледі.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Ақкөл ауданының әкімі
Т.Қ. Едігенов
1 шілде 2015 жыл