О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 21 июня 2013 года № 472 «Об утверждении Правил оказания нескольких государственных услуг в электронной форме на основании одного заявления»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 21 июня 2013 года № 472 «Об утверждении Правил оказания нескольких государственных услуг в электронной форме на основании одного заявления»
- Атауы (қаз.)
- «Бір өтініш негізінде электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 472 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 196
- Қабылданған күні
- 12.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2023 107572_624030.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014414
- ЭКБ идентификаторы
- 107572
- Редакция идентификаторы
- 107572_624030
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:32
0 «Бір өтініш негізінде электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы
№ 472 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бір өтініш негізінде электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 472 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8560 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 23 қазанда № 237 (28176) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бір өтініш негізінде электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидаларда қолданылатын барлық басқа түсініктер «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңында, «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында қолданылатын мағынада пайдаланылады.»;
14-тармақ алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті (А.Н. Хатиев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.