Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение акима Ауэзовского района города Алматы от 21 апреля 2014 года № 01-05/3 «Об образовании избирательных участков по Ауэзовскому району города Алматы»

Өзге акт · № 1 · қабылданған 15.03.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2014-no-01-053-ekb-110978/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в решение акима Ауэзовского района города Алматы от 21 апреля 2014 года № 01-05/3 «Об образовании избирательных участков по Ауэзовскому району города Алматы» Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·15.03.2017
01.02.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение акима Ауэзовского района города Алматы от 21 апреля 2014 года № 01-05/3 «Об образовании избирательных участков по Ауэзовскому району города Алматы»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение акима Ауэзовского района города Алматы от 21 апреля 2014 года № 01-05/3 «Об образовании избирательных участков по Ауэзовскому району города Алматы»
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің «Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 01-05/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
15.03.2017
Көрсетілген редакция
01.02.2019 110978_389203.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17RG001363
ЭКБ идентификаторы
110978
Редакция идентификаторы
110978_389203
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:45

0 Алматы қаласы Әуезов ауданы

әкімінің «Алматы қаласы Әуезов
ауданы бойынша сайлау учаскелерін
құру туралы» 2014 жылғы 21 сәуірдегі
№01-05/3 шешіміне өзгерістер енгізу
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23–бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 37–бабына сәйкес, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 01–05/3 «Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (Алматы қаласы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1031 болып тіркелген, 2014 жылдың 29 сәуірінде № 49–51 «Алматы ақшамы» газетінде, 2014 жылдың 29 сәуірінде № 49–50 «Вечерний Алматы» газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасындағы № 123, 124, 173, 204, 207, 209, 210 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

2

2. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Этолондық бақылау банкінде және Әуезов ауданы әкімінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.Ж.Әлияроваға жүктелсін.

4 4. Осы шешім, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Алматы қаласы аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы Ж. Асанова
«____» наурыз 2017 жыл

5 № 123 сайлау учаскесi

Алматы қаласы
Әуезов ауданы әкімінің
2017 жылғы «___» ___________
№ __________________
шешіміне қосымша
Алматы қаласы Әуезов ауданындағы сайлау учаскелерi
шекараларының сипаттамалары
№ 123 сайлау учаскесi
(орталығы: 050042, «№ 72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Сүлейменов көшесi, 16 үй)
Шекаралары: Жандосов көшесiнен Үлкен Алматы өзенiнiң батыс жағымен Тоқтабаев көшесiне дейiн. Тоқтабаев көшесiнiң солтүстiк жағымен 2-Вишневский көшесiне дейiн. 2-Вишневский көшесiнiң шығыс жағымен Таугүл-1 шағынауданындағы №№ 44,45,46 үйлерді қоспай, Карский тұйық көшесіне дейiн. Карский тұйық көшесінің шығыс жағымен Жандосов көшесiне дейiн. Жандосов көшесiнiң оңтүстiк жағымен Үлкен Алматы өзенiне дейiн.
№ 124 сайлау учаскесi
(орталығы: 050042, «№ 72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Сүлейменов көшесi, 16 үй)
Шекаралары: Жандосов көшесiнен 2-Вишневская көшесiнiң батыс жағымен оңтүстікке қарай Таугүл-1 шағынаудан-ындағы №№ 44, 45, 46 үйлерді қоса Пятницкий көшесiне дейiн. Пятницкий көшесінің солтүстік жағымен батысқа қарай Сүлейменов көшесіне дейін. Сүлейменов көшесінің шығыс жағымен Талды-Курганская көшесіне дейін. Талды-Курганская көшесiнiң солтүстік жағымен А.Шалов көшесiне (бұрынғы Мұстафин көшесі) дейiн. А.Шалов көшесiнiң (бұрынғы Мұстафин көшесінің) шығыс жағымен солтүстікке қарай Жандосов көшесiне дейiн. Жандосов көшесiнiң оңтүстiк жағымен шығысқа қарай 2-Вишневская көшесіне дейiн.
№ 173 сайлау учаскесi
(орталығы: 050062, «Девиантты мінез-құлықтағы балаларға арналған арнайы
білім беру ұйымы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жұбанов көшесi, 68-А үй)
Шекаралары: Алтынсарин даңғылын-дағы №№ 1,1/1,1/2, 1/3, 5, Жұбанов көшесіндегі 7, 7/1, 9, 68-а, Қабдолов көшесіндегі №№ 22 үйлердi қоса отырып 1 шағынаудандағы №№ 12, 14, 17, 18, 18-а, 19, 19-а, 20, 62, 64, 65, 66, 67, 68 үйлер.
№ 174 сайлау учаскесi
(орталығы: 050062, «№ 111 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
1 шағынаудан, 71 үй)
Шекаралары: 1 шағынаудандағы №№ 26-а, 41, 42, 43, 44, 45, 45-а, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 51-а, 52, 53, 54, 55, 56, 56-а, 57, 58, 59, 60, 61, 63, 68/3, 68/4 үйлер.
№ 204 сайлау учаскесi
(орталығы: 050063, «Шаруашылық жүргізу құқығындағы № 15 қалалық емхана»
мемлекетік коммуналдық мекемесі, Достық шағынауданы Ильич көшесi, 17 үй)
Шекаралары: Достық шағынаудан-ындағы Толстой көшесiнен Достық шағынауданындағы Садуақасов көшесiнiң батыс жағымен Достық шағынауданындағы Құрманғазы көшесiне дейiн. Достық шағынауданындағы Құрманғазы көшесiнiң солтүстiк жағымен Достық шағын-ауданының батыс шекарасына дейiн. Достық шағынауданының батыс шекарасымен Достық шағынауданын-дағы Толстой көшесiне дейiн. Достық шағынауданындағы Толстой көшесiмен (Достық шағынауданындағы Толстой көшесінің солтүстiк және оңтүстік жағымен барлық үйді қоса) Достық шағын шағынауданының Сәдуақасов көшесiне дейiн.
№ 207 сайлау учаскесi
(орталығы: 050031, «Мамандандырылған қазақ-түрiк мектеп-лицей-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақсай-3Б шағынауданы, 27 үй)
Шекаралары: Достық шағынауданындағы Сәдуақасов көшесінен Фрунзе көшесінің оңтүстік жағымен (барлық үйді қоса), Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің шығыс жағалауымен Алматы-Бішкек трассасына дейін. Алматы-Бішкек трассасының оңтүстігімен Алтын бесік шағынауданының шығыс шекарасына дейін. Алтын бесік шағынауданының шығыс шекарасымен Ақсай-3Б шағынауданына дейін, содан кейін, Ақсай-3Б шағынауданының оңтүстік шекарасымен, Ақсай-3Б шағынауданын қоспай, Достық шағынауданындағы Ташкентская көшесіне дейін. Достық шағынауданындағы Ташкентская көшесінің оңтүстік жағымен Достық шағынауданындағы Сәдуақасов көшесіне дейін. Достық шағынауданындағы Сәдуақасов көшесінің батыс жағымен Достык шағынауданындағы МТФ үйлерін қоса, Фрунзе көшесіне дейін. Алтын бесік шағынауданы- түгел.
№ 209 сайлау учаскесi
(орталығы: 050036, «№ 173 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
Мамыр-1 шағынауданы, 21 үй)
Шекаралары: Мамыр-1 шағынаудан-ындағы №№ 11, 12, 14, 15, 16, 17, 27, 29, 29/1, 29/2, 29/3, 29/4, 29/5, 29/6, 29/7, 29/8. Мамыр-2 шағынауданындағы №№ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 үйлер.
№ 210 сайлау учаскесi
(орталығы: 050036, «№ 173 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
Мамыр-1 шағынауданы, 21 үй)
Шекаралары: Мамыр-3 шағынауданы түгел, №№ 1, 2, 2-а, 3, 4,4-а, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24 үйлер, Мамыр-2 шағын-ауданындағы №№ 11, 12, 13, 14, 15, 16, 18, 18А, 19, 20 үйлер.

Қолданыстағы