О внесении изменений в решение акима Алмалинского района города Алматы от 21 апреля 2014 года № 06 "Об образовании избирательных участков по Алмалинскому району города Алматы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Алмалинского района города Алматы от 21 апреля 2014 года № 06 "Об образовании избирательных участков по Алмалинскому району города Алматы"
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 06 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 11.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2019 83308_410527.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14RA001086
- ЭКБ идентификаторы
- 83308
- Редакция идентификаторы
- 83308_410527
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:37
0 Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 06 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 23 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 06 «Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 24 сәуірде № 1034 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» газетінің 2014 жылғы 01 мамырдағы № 52-53 (4927) санында және «Вечерний Алматы» газетінің 2014 жылғы 01 мамырдағы № 51-52 (12728-12729) санында жарияланған)) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасындағы № 115, № 122 сайлау учаскелерінің орталықтары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
2 2. Осы нормативтік құқықтық акті Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.
3 3. Осы шешімнің ресми Интернет-ресурсында орналастырылуы қамтамасыз етілсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы К.Қ. Әбілқақоваға жүктелсін.
5 5. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Алматы қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
Б. Доспанов
6 Алматы қаласы
Алмалы ауданы әкімінің
2014 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 16 шешіміне қосымша
№ 115 сайлау учаскесі
Орталығы: 050016, Алматы қаласы, Турекулов көшесі, 71,
«Қазақстан-Ресей медициналық университеті» мемлекеттік емес білім
беру мекемесі, телефон: 250-83-72
Шекаралары: Чайковский көшесінен Мақатаев көшесінің тақ санды жағымен Кашгарская көшесіне дейін; Кашгарская көшесінен «Қазметмаш» зауыты аумағының шығыс жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының жұп санды жағымен Сейфуллин даңғылына дейін; Сейфуллин даңғылының тақ санды жағымен Мәметова көшесіне дейін; Мәметова көшесінің жұп санды жағымен Наурызбай батыр көшесіне дейін; Наурызбай батыр көшесінің тақ санды жағымен Молдағұлова көшесіне дейін; Молдағұлова көшесінің жұп санды жағымен Чайковский көшесіне дейін; Чайковский көшесінің тақ санды жағымен Мақатаев көшесіне дейін.
№ 122 сайлау учаскесі
Орталығы: 050016, Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 43,
«Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
телефон: 271-14-99
Шекаралары: Фурманов көшесінен Мәметова көшесінің тақ санды жағымен Абылай хан даңғылына дейін; Абылай хан даңғылының жұп санды жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының жұп санды жағымен Фурманов көшесіне дейін; Фурманов көшесінің тақ санды жағымен Мәметова көшесіне дейін.