О внесении изменений в решение акима Алмалинского района города Алматы от 21 апреля 2014 года № 06 «Об образовании избирательных участков по Алмалинскому району города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Алмалинского района города Алматы от 21 апреля 2014 года № 06 «Об образовании избирательных участков по Алмалинскому району города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 06 «Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 03
- Қабылданған күні
- 24.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2019 87000_410529.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15RA001134
- ЭКБ идентификаторы
- 87000
- Редакция идентификаторы
- 87000_410529
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:31
0 Алматы қаласы Алмалы ауданы
әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 06
«Алматы қаласы Алмалы ауданы
бойынша сайлау учаскелерін құру туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық Заңының 23 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті және мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 06 «Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 24 сәуірде № 1034 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» газетінің 2014 жылғы 01 мамырдағы № 52-53 (4927) санында және «Вечерний Алматы» газетінің 2014 жылғы 01 мамырдағы №51-52 (12728-12729) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасындағы №№ 38, 39, 47, 50, 71 сайлау учаскелерінің шекаралары және № 122 сайлау учаскесінің орталығы осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
2 2. Осы нормативтік құқықтық акті Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.
3 3. Осы шешімінің ресми Интернет-ресурсында орналастыруы қамтамасыз етілсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы К.Қ. Әбілқақоваға жүктелсін.
5 5. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғат ресми жарияланған күннен кейін күнтізбек бойынша он күн өткенен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Алматы қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
Б. Доспанов
«____»______________
6 Алматы қаласы
Алмалы ауданы әкімінің
2015 жылғы «24» ақпандағы № 03 шешіміне қосымша
№ 38 сайлау учаскесі
Орталығы: 050046, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 191,
Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен істері институты,
телефон: 3954909.
Шекаралары: Төлеби көшесінен Нұғиса Тілендиев көшесінің тақ санды жағымен Абай даңғылына дейін; Абай даңғылының тақ санды жағымен Сайран өзенінің шығыс жағалауына дейін; Сайран өзенінің шығыс жағалауымен Төле би көшесіне дейін; Төле би көшесінің жұп санды жағымен Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін.
№ 39 сайлау учаскесі
Орталығы: 050009, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, 176, «№75 жалпы білім беру мектебі», коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон: 2683284, 3744849.
Шекаралары: Түркебаев көшесінен Абай даңғылының тақ санды жағымен Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін; Нұрғиса Тілендиев көшесінің жұп санды жағымен Қарасай батыр көшесіне дейін; Қарасай батыр көшесінің жұп санды жағымен Прокофьев көшесіне дейін; Прокофьев көшесінің тақ санды жағымен Есенжанов көшесіне дейін; Есенжанов көшесінің жұп санды жағымен Түркебаев көшесіне дейін; Түркебаев көшесінің тақ санды жағымен Абай даңғылына дейін.
№ 47 сайлау учаскесі
Орталығы:050009, Алматы қаласы, Тұрғыт Өзалы көшесі, 30, «№58 жалпы білім беру мектебі», коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон: 2408470.
Шекаралары:Дүйсенов көшесінен Аносов көшесінің жұп санды жағымен Артемов көшесіне дейін; Артемов көшесінің тақ санды жағымен Тұрғыт Озал көшесіне дейін; Тұрғыт Озал көшесінің жұп санды жағымен Кавказская көшесіне дейін; Кавказская көшесінің жұп санды жағымен Гайдар көшесіне дейін; Гайдар көшесінің тақ санды жағымен Дүйсенов көшесіне дейін; Дүйсенов көшесінің жұп санды жағымен Аносов көшесіне дейін.
№ 50 сайлау учаскесі
Орталығы: 050009, Алматы қаласы, Тұрғыт Өзалы көшесі, 30, «№ 58 жалпы білім беру мектебі», коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон: 2408470.
Шекаралары: Розыбакиев көшесімен Дүйсенов көшесінің тақ санды жағымен Гайдар көшесіне дейін; Гайдар көшесінің жұп санды жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының жұп санды жағымен Аносов көшесіне дейін; Аносов көшесінің тақ санды жағымен Кавказская көшесіне дейін; Кавказская көшесінің жұп санды жағымен Розыбакиев көшесіне дейін; Розыбакиев көшесінің тақ санды жағымен Дүйсенов көшесіне дейін.
№ 71 сайлау учаскесі
Орталығы: 050026, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, 93, «№ 144 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон: 2412393.
Шекаралары: Розыбакиев көшесінен Төле би көшесінің тақ санды жағымен Тұрғыт Озал көшесіне дейін; Тұрғыт Озал көшесінің жұп санды жағымен Артемов көшесіне дейін; Артемов көшесінің жұп санды жағымен Аносов көшесіне дейін; Аносов көшесінің жұп санды жағымен Дүйсенов көшесіне дейін; Дүйсенов көшесінің жұп санды жағымен Розыбакиев көшесінедейін; Розыбакиев көшесінің тақ санды жағымен Төле би көшесіне дейін.
№ 122 сайлау учаскесі
Орталығы: 050016, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 20, «№147 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон: 2705783.
Шекаралары: Фурманов көшесінен Маметова көшесінің тақ санды жағымен Абылай хан даңғылына дейін; Абылай хан даңғылының жұп санды жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының жұп санды жағымен Фурманов көшесіне дейін; Фурманов көшесінің тақ санды жағымен Маметов көшесіне дейін.