О внесении изменений в решение акима Алмалинского района города Алматы от 21 апреля 2014 года № 06 «Об образовании избирательных участков по Алмалинскому району города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Алмалинского района города Алматы от 21 апреля 2014 года № 06 «Об образовании избирательных участков по Алмалинскому району города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 06 «Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 05
- Қабылданған күні
- 08.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2019 125772_410525.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18RA001507
- ЭКБ идентификаторы
- 125772
- Редакция идентификаторы
- 125772_410525
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:41
0 Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 06 «Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi және мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкiмi ШЕШТI:
1
1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкiмiнiң 2014 жылғы 21 сәуiрдегi № 06 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерiн құру туралы" (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2014 жылғы 24 сәуiрде № 1034 болып тiркелген, "Алматы ақшамы" газетiнiң 2014 жылғы 01 мамырдағы № 52-53 (4927) санында және "Вечерний Алматы" газетiнiң 2014 жылғы 01 мамырдағы № 51-52 (12728-12729) шешiмiне келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
1 1) аталған шешiмнiң қосымшасындағы № 38,39,40,42,44 сайлау учаскелерiнiң шекаралары осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес өзгертiлсiн.
2
2. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкiмiнiң аппараты осы шешiмдi әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн, кейiннен ресми мерзiмдi басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiнде және Алмалы ауданы әкiмi аппаратының интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алмалы ауданы әкiмi аппаратының басшысы К.Қ. Әбiлқақоваға жүктелсiн.
4 4. Осы шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбек бойынша он күн өткенен соң қолданысқа енгiзiледi.
Келісілді:
Алматы қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы Ж. Асанова
«26» қазан 2018 жыл
6 Алматы қаласы
Алмалы ауданы әкiмiнiң
2018 жылғы «08» қараша
№ 05 шешiмiне қосымша
Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша
сайлау учаскелерi
Шекаралары: Варламов көшесінен Абай даңғылынан оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Сайран өзенінің шығыс жағалауына дейін; Сайран өзенінің шығыс жағалауы бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Төле би көшесіне дейін; Төле би көшесімен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Тілендиев Нұрғиса көшесіне дейін; Тілендиев Нұрғиса көшесінің бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Шәкәрім көшесіне дейін; Шәкәрім көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Гринев көшесіне дейін; Гринев көшесінен ары қарай Варламов көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Абай даңғылына дейін.
Шекаралары: Түркебаев көшесінен бастап Абай даңғылымен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Варламов көшесіне дейін; Варламов көшесімен, одан әрі Гринев көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Шәкәрім көшесіне дейін; Шәкәрім көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін; Нұрғиса Тілендиев көшесімен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Қарасай батыр көшесіне дейін; Қарасай батыр көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Прокофьев көшесіне дейін; Прокофьев көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағына), Прокофьев көшесіндегі № 148 үйді қоса Есенжанов көшесіне дейін; Есенжанов көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Түркебаев көшесіне дейін; Түркебаев көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Абай даңғылына дейін.
Шекаралары: Прокофьев көшесінен Құлымбетов Ұзақбай көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Түркебаев көшесіне дейін; Түркебаев көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Есенжанов көшесіне дейін; Есенжанов көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Прокофьев көшесіне дейін; Прокофьев көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы), Прокофьев көшесінің № 148 үйді шығара Құлымбетов Ұзақбай көшесіне дейін.
Шекаралары: Нұрғиса Тілендиев көшесінен Төле би көшесімен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Үлкен Алматы өзенінің шығыс жағалауына дейін; Үлкен Алматы өзенінің шығыс жағалауымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Дүйсенов көшесіне дейін; Дүйсенов көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Қараөткел көшесіндегі № 166 үй аумағының батыс шекарасына дейін; Қараөткел көшесіндегі № 166 үй аумағының батыс шекарасын бойлай оңтүстікке қарай (батыс жағы) Қараөткел көшесіндегі № 76 үй аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Қараөткел көшесіндегі № 76 және Грановский көшесіндегі № 96 үйлер аумағының оңтүстік шекарасын бойлай шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Лихачев көшесіне дейін; Лихачев көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Тастақ-2 ықшам ауданындағы № 22 үй аумағының солтүстік шекарасына дейін; Тастақ-2 ықшам ауданындағы № 22 және 30 үйлер аумағының солтүстік шекарасы бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Тастақ-2 ықшам ауданындағы № 29 үй аумағының шығыс жағына дейін; Тастақ-2 ықшам ауданындағы № 29,27,26 үйлер аумағының шығыс шекарасы бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Дүйсенов көшесіне дейін; Дүйсенов көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін; Нұрғиса Тілендиев көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Төле би көшесіне дейін.
Шекаралары: Нұрғиса Тілендиев көшесінен Дүйсенов көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Даргомыжский көшесіне дейін; одан әрі Тастақ-2 ықшам ауданындағы № 26,27,29 үйлер аумағының шығыс шекарасымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Тастақ-2 ықшам ауданындағы № 29 үй аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Тастақ-2 ықшам ауданындағы № 29 және 21 үйлер аумағының оңтүстік шекарасының бойымен батысқа қарай (солтүстік) Лихачев көшесіне дейін; Лихачев көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Грановский көшесіндегі № 96 үй аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Грановский көшесіндегі № 96 үй және Қараөткел көшесіндегі № 76 үй аумағының оңтүстік шекарасын бойлай батысқа қарай (солтүстік жағы) Қараөткел көшесіндегі № 76 үй аумағының батыс шекарасына дейін; Қараөткел көшесіндегі № 76 үй аумағының батыс шекарасын бойлай солтүстікке қарай (шығыс жағы) Дүйсенов көшесіне дейін; Дүйсенов көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Үлкен Алматы өзенінің арнасына дейін; Үлкен Алматы өзенінің арнасымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Грановский көшесіне дейін; Грановский көшесімен оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-батыс жағы) Кавказская көшесіне дейін; Кавказская көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Даргомыжский көшесіне дейін; Даргомыжский көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Тастақ-2 ықшам ауданындағы № 5 үй аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Тастақ-2 ықшам ауданындағы № 5 үй аумағының оңтүстік шекарасын бойлай шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін; Тастақ-2 ықшам ауданындағы № 5 үй аумағының оңтүстік шекарасын бойлай шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін; Нұрғиса Тілендиев көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Дүйсенов көшесінедейін.