О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 21 августа 2014 года № 1 "Об утверждении перечня бюджетных инвестиционных и концессионных проектов, финансирование разработки или корректировки, а также проведение необходимых экспертиз технико-экономических обоснований бюджетных инвестиционных проектов и конкурсных документаций концессионных проектов, консультативное сопровождение концессионных проектов которых осуществляется за счет средств распределяемой бюд
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 21 августа 2014 года № 1 "Об утверждении перечня бюджетных инвестиционных и концессионных проектов, финансирование разработки или корректировки, а также проведение необходимых экспертиз технико-экономических обоснований бюджетных инвестиционных проектов и конкурсных документаций концессионных проектов, консультативное сопровождение концессионных проектов которых осуществляется за счет средств распределяемой бюд
- Атауы (қаз.)
- "Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылға арналған 002 "Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сарапта
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 105
- Қабылданған күні
- 24.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.11.2014 AI85152_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009914
- ЭКБ идентификаторы
- 85152
- Редакция идентификаторы
- AI85152_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:51
0
"Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылға арналған 002 "Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу" бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы
№ 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 462 және 468-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 қаулысымен бекітілген Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларының 28-тармағына және «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылға арналған 002 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9725 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қыркүйекте «Әділет» АҚЖ жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылға арналған 062 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылға арналған 062 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.»;
осы бұйрықпен бекітілген бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылға арналған 002 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылға арналған 062 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі»;
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұрынғы бюджеттік бағдарлама әкімшісі – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі)» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлері 8-1, 8-2, 8-3, 8-4 - жолдармен толықтырылсын:
«
8-1
Орталық-Оңтүстік «Астана-Қарағанды-Балхаш-Құрты-Қапшағай-Алматы» дәлізінің 2152-2380 км («Құрты-Бурылбайтал» учаскесі) реконструкциялау
9 968,5
8-2
Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы, Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістермен «Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) – Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас» автомобиль жолының 56-162 км «Ұзынағаш-Отар» учаскесін реконструкциялау
6 804,5
8-3
«РФ шекарасы (Орскіге)-Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханьға)» автомобиль жолын реконструкциялау (қашықтығы 459 км «Мақат-Ақтөбе» учаскесі)
17 625
8-4
«Жетібай – Жаңаөзен – Фетисов – Түркіменстан Республикасының шекарасы (Түркіменбашыға)» автомобиль жолының «Жетібай – Жаңаөзен» (0-73 км) автомобиль жолын реконструкциялау
7 932
»;
мына:
«
Жиыны
95 633,00
87 961,00
17 296,00
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Жиыны
137 963,00
87 961,00
17 296,00
»;
2
2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік жекешелік әріптестікті дамыту департаменті (Н.А. Аязбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.