О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 21 ноября 2014 года № 103 «Об утверждении Правил проведения тестов Первого Президента Республики Казахстан – Лидера Нации»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 21 ноября 2014 года № 103 «Об утверждении Правил проведения тестов Первого Президента Республики Казахстан – Лидера Нации»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 18
- Қабылданған күні
- 27.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2016 99830_58227.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013374
- ЭКБ идентификаторы
- 99830
- Редакция идентификаторы
- 99830_58227
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:51
0 «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы
21 қарашадағы № 103 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9988 болып тіркелген; «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 қантарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларында:
7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) доп, граната лақтыру – ені 10 метр кез-келген тегіс алаңда өткізіледі;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін тапсыру жазғы спорт түрлері бойынша сәуір-қазан айларында, қысқы спорт түрлері бойынша ақпан-наурыз айларында өткізіледі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі оның көшірмелерін жолдауды;