Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2014 года № 1222 «Об утверждении Правил предоставления жилищ гражданам, оставшимся без жилища в результате чрезвычайной ситуации» и от 19 декабря 2014 года № 1358 «Об утверждении Правил возмещения вреда (ущерба), причиненного пострадавшим, вследствие чрезвычайных ситуаций природного характера»

Қаулы · № 241 · қабылданған 16.04.2025
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2014-no-1222-19-2014-no-1358/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2014 года № 1222 «Об утверждении Правил предоставления жилищ гражданам, оставшимся без жилища в результате чрезвычайной ситуации» и от 19 декабря 2014 года № 1358 «Об утверждении Правил возмещения вреда (ущерба), причиненного пострадавшим, вследствие чрезвычайных ситуаций природного характера» Күшін жойған 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2014 года № 1222 «Об утверждении Правил предоставления жилищ гражданам, оставшимся без жилища в результате чрезвычайной ситуации» и от 19 декабря 2014 года № 1358 «Об утверждении Правил возмещения вреда (ущерба), причиненного пострадавшим, вследствие чрезвычайных ситуаций природного характера»

Күшін жойған Қаулы № 241 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2014 года № 1222 «Об утверждении Правил предоставления жилищ гражданам, оставшимся без жилища в результате чрезвычайной ситуации» и от 19 декабря 2014 года № 1358 «Об утверждении Правил возмещения вреда (ущерба), причиненного пострадавшим, вследствие чрезвычайных ситуаций природного характера»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1222 және «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
241
Қабылданған күні
16.04.2025
Көрсетілген редакция
01.07.2026 209237_836718.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000241
ЭКБ идентификаторы
209237
Редакция идентификаторы
209237_836718
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:42
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1222 және «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2026 № 348 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.12.2025 № 1033 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

2) «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулысында:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 62) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 62) тармақшасына сәйкес әзірленді және табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан жеке тұлғаның денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кейбір жағдайларда табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тұрғынжайға уақытша (маусымдық) тұруға арналған, қираған немесе меншік иелері мен олардың отбасыларының тұруына жарамсыз болып қалған, әкімшілік аумақтық бірліктің аумағында төтенше жағдай жарияланған кезде меншігінде басқа тұрғынжайы жоқ зардап шеккен адамның меншігінде кемінде екі жыл тұрған құрылыс жатады.»;
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Зардап шеккендердің ең минималды сұранысын қанағаттандыру үшін қажетті мынадай мүлік өтеледі:
1) осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген тұрғын үй, пәтер немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылыс;
2) ауылшаруашылық жануарлары;
3) тағамды сақтауға және дайындауға арналған заттар – тоңазытқыш, газ плитасы (электр плитасы) және ыдыс-аяқ шкафы;
4) тамақтануға арналған жиһаз заттары – үстел мен орындық;
5) ұйықтауға арналған жиһаз заттары – кереует (диван);
6) азаматтарға хабар беру құралдарының заттары – теледидар (радио);
7) киім күтіміне арналған заттар – кір жуғыш машина;
8) сумен жабдықтау және жылу беру құралдарының заттары (орталықтандырылған сумен жабдықтау және жылу беру болмаған жағдайда) – су беруге арналған сорғы, су жылытқыш және жылыту қазандығы (тасымалды пеш);
9) осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген тұрғын үйлердің, пәтерлердің немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылыстардың жылу бөлетін құрылғыларына арналған тұрмыстық отын қоры;
10) мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруын қамтамасыз ететін арнайы құрал – кресло-арба.
Осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 3) – 10) тармақшаларына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу келтірілген залал мөлшерінің бағалануына сәйкес жүзеге асырылады, бірақ 150 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.»;
мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
«4-2. Комиссияның көктемгі су тасқыны құбылыстарына байланысты төтенше жағдай салдарынан тұрғынжайды су басуына байланысты келтірілген зиянды (нұқсанды) бағалауды және оның мөлшерін айқындауды жүргізуі мүмкін болмаған жағдайда зиянды (нұқсанды) өтеу Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы қалыптастыратын ресми статистикалық ақпаратта белгіленген бөлшек сауда бағаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл ретте зиянды (нұқсанды) өтеудің жалпы сомасы 150 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Материалдық нұқсан келген зардап шеккендер төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырып не «электрондық үкімет» веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық түрде материалдық нұқсанды өтеу туралы өтініш береді.»;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) зардап шеккен адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан немесе төтенше жағдайды жою кезеңінде осындай құжат жоғалған немесе жойылған жағдайларда – ішкі істер органдары берген уақытша жеке куәлік) не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған электрондық нысанда;»;
15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Комиссия қорытынды шығарғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органымен келісілген қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды.».
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.12.2025 № 1033 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.