О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2014 года № 19 «Об утверждении Правил выдачи пропусков на выход в территориальные воды (море) и внутренние воды Республики Казахстан казахстанских маломерных самоходных и несамоходных (надводных и подводных) судов (средств) и средств передвижения по льду»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2014 года № 19 «Об утверждении Правил выдачи пропусков на выход в территориальные воды (море) и внутренние воды Республики Казахстан казахстанских маломерных самоходных и несамоходных (надводных и подводных) судов (средств) и средств передвижения по льду»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 852
- Қабылданған күні
- 15.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 15.10.2024 201746_724391.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000852
- ЭКБ идентификаторы
- 201746
- Редакция идентификаторы
- 201746_724391
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:12
0
«Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Рұқсаттама беру тәртібі»;
4-тармақтың 1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Енгізілетін ұсыну Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық бөлімшесімен үш жұмыс күні ішінде келісілуге тиіс.
7. Осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған фактілер анықталған жағдайда Шекара қызметі екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынуды одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Рұқсаттама беруді Шекара қызметі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық форматта портал арқылы жүзеге асырады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама алуға ұсыну
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
Қазақстандық шағын көлемді
өздігінен жүзетін және өздігінен
жүзбейтін (суүсті және суасты)
кемелердің (құралдардың) және
мұз үстімен жылжитын құралдардың
Қазақстан Республикасының аумақтық
суларына (теңізіне) және ішкі суларына
шығуына рұқсаттамалар беру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама алуға ұсыну
_________________________________ аумақтық бөлімше бастығына
(начальнику территориального подразделения _______________________)
Ұсыну (Представление)
Теңізге шығуға рұқсаттама беруді сұраймын ______________________________________
(Прошу выдать пропуск на выход в море)
_____________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(наименование юридического лица, фамилия, имя, отчество (при его наличии)
физического лица)
Мақсаты (с целью)_____________________________________________________________
Уақыты (время)_______________________________________________________________
_______________________________________________ ауданында аумақтық суларда болу
(нахождение в территориальных водах в районе)
____________________________________________________________________________
Жүзу құралының түрі (тип плавсредства) _________________________________________
Жүзу құралының тіркеу № (рег. № плавсредства) __________________________________
Жүзу құралы тіркелімге алынған жер (место приписки плавсредства): ________________
_____________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының азаматтарына (шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғаларға)
қоса берілген тізімге сәйкес саны ___________ дана рұқсаттама
(гражданам Республики Казахстан (иностранцам и лицам без гражданства) согласно
прилагаемому списку в количестве ______ экземпляров)
Ұсынуға мынадай құжаттар қоса беріледі ________________________________________
(К представлению прилагаются следующие документы)
____________________________________________________________________________
лауазымы (должность)
қолы (подпись) ___________________ ________________________________
(күні, айы, жылы) (дата, месяц, год)
М.О.
(екінші жағы)
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығу үшін рұқсаттамалар алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың) тізімі
Р/с №
Т.А.Ә. (бар болса)
Туған жылы, күні, айы,
Тұратын жерінің мекенжайы
Жұмыс орны, лауазымы
Жеке басын куәландыратын құжаттың №
Азаматтығы
Ескертпе
1
2
3
Жиыны: ___________________________________________________________
(адамдардың жалпы саны – жазбаша)
Бұл ретте мынадай техникалық құралдар тартылатын болады:
Р/с №
Техникалық құралдардың атауы
Мемлекеттік тіркеу нөмірі
Капитанның Т.А.Ә. (бар болса)
Ескертпе
1
2
___________________________________
2 Қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама беруден бас тарту туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша
Қазақстандық шағын көлемді
өздігінен жүзетін және өздігінен
жүзбейтін (суүсті және суасты)
кемелердің (құралдардың) және
мұз үстімен жылжитын құралдардың
Қазақстан Республикасының аумақтық
суларына (теңізіне) және ішкі суларына
шығуына рұқсаттамалар беру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама беруден бас тарту туралы хабарлама
Қайда ________________________
_______________________________
Кімге ___________________________
(бастамашының мекенжайы
және анықтау деректері)
Хабарлама
Сіздің 20___жылғы «____» ______ өтінішіңізге ___________ ұсынылған
құжаттардың толық болмауына байланысты ________________________________
_________________________________________ құжаттарды толық көлемде ұсынбауға
байланысты Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне), ішкі суларына
шығуға рұқсаттама беруден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз _________________
___________________________________________________________________________
(шағын көлемді өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты)
кеменің (құралдардың) және мұз үстімен қозғалу құралдарының түрі)
___________________________________________аумақтық бөлімше бастығы
(лауазымды тұлғаның қолы,
Т.А.Ә. (бар болса)
20___ жылғы «___» ___________
(күні, айы, жылы)
М.О.
____________________________