О внесении изменения и дополнения в решение Шемонаихинского районного маслихата от 21 июля 2014 года № 21/6-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в решение Шемонаихинского районного маслихата от 21 июля 2014 года № 21/6-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 шілдедегі № 21/6-V шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 26/2-V
- Қабылданған күні
- 02.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2019 88055_398201.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VS003775
- ЭКБ идентификаторы
- 88055
- Редакция идентификаторы
- 88055_398201
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:17
0 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы»
Шемонаиха аудандық мәслихатының
2014 жылғы 21 шілдедегі № 21/6-V
шешіміне өзгеріс пен толықтыру
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 шілдедегі № 21/6-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3453 болып тіркелген, «Уба-Информ» газетінде 2014 жылғы 20 тамыздағы № 34 санында жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
11-тармақта:
5) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«5)Жеңіс күні – 9 мамыр:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 80,8 (сексен бүтін оннан сегіз) айлық есептік көрсеткіштен;
- Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған зайыптарына – 35,1 (отыз бес бүтін оннан бір) айлық есептік көрсеткіштен;
- екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және оның одақтастары ашқан концлагерлердің, гетто және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына - 35,1 (отыз бес бүтін оннан бір) айлық есептік көрсеткіштен;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталғандарға – 12,7 (он екі бүтін оннан жеті) айлық есептік көрсеткіштен;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемі алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен), Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 2,7 (екі бүтін оннан жеті) айлық есептік көрсеткіштен;
- жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға: Чернобыль АЭС-iндегi және басқа да азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруларды сынау салдарынан мүгедек болып қалған адамдар, мүгедектігі ата-аналарының біреуінің радиациялық сәулеленуімен генетикалық байланысы бар олардың балалары – 13,0 (он үш бүтін) айлық есептік көрсеткіштен;»;
келесі мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні – 16 желтоқсан:
- күнтізбелік жылы бесінші баланы дүниеге әкелген аналарға – 25,3 (жиырма бес бүтін оннан үш) айлық есептік көрсеткіштен.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.