О внесении изменений и дополнений в решение Глубоковского районного маслихата от 21 апреля 2014 года № 26/5-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Глубоковского районного маслихата от 21 апреля 2014 года № 26/5-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 26/5-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10/7-VI
- Қабылданған күні
- 29.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2019 111372_422357.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VI004962
- ЭКБ идентификаторы
- 111372
- Редакция идентификаторы
- 111372_422357
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:35
0 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларын
бекіту туралы» 2014 жылғы 21 сәуірдегі
№ 26/5-V Глубокое аудандық
мәслихатының шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 2-3 - тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 26/5-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3337 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырдағы «Ақ бұлақ», «Огни Прииртышья» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
4 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.»;
8 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін біржолғы әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Әлеуметтік көмектің шекті шамасы 40 (қырық) айлық есептік көрсеткішті құрайды.»;
8 - тармақ 8-1 - тармақпен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«8-1. Ай сайынғы әлеуметтік көмек туберкулездің ашық түрімен ауыратын және амбулаториялық ем алып жатқан азаматтарға (жолы және қосымша тамақтану) айына 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.»;
9 - тармақ 4) - тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 100000 теңге;»;
9 - тармақ 6) - тармақшаның бесінші абзацы алып тасталсын;
10-1 - тармақпен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«10-1. Туберкулездің ашық түрімен ауыратын және амбулаториялық ем алып жатқан азаматтарға ай сайынғы әлеуметтік көмек Глубокое ауданының аумағында орналасқан денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысы бекіткен тізім бойынша, алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.».