Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Глубоковского районного маслихата от 21 апреля 2014 года № 26/5-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 12/3-VI · қабылданған 08.06.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2014-no-265-v-ekb-113031/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Глубоковского районного маслихата от 21 апреля 2014 года № 26/5-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 12/3-VI ·08.06.2017
18.09.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Глубоковского районного маслихата от 21 апреля 2014 года № 26/5-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 12/3-VI · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Глубоковского районного маслихата от 21 апреля 2014 года № 26/5-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 26/5-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12/3-VI
Қабылданған күні
08.06.2017
Көрсетілген редакция
18.09.2019 113031_422365.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17VI005096
ЭКБ идентификаторы
113031
Редакция идентификаторы
113031_422365
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:52

0 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның

мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларын
бекіту туралы» 2014 жылғы 21 сәуірдегі
№ 26/5-V Глубокое аудандық
мәслихатының шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 2-3 - тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 26/5-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3337 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырдағы «Ақ бұлақ», «Огни Прииртышья» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
1 - тармақта:
мынадай мазмұндағы 1) - тармақшамен толықтырылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
1) - тармақша 1-1) - тармақша болып есептелсін;
8) - тармақша алып тасталсын;
6 - тармақта:
1) - тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;»;
2-1) - тармақшамен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«2-1) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;»;
11) - тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян алған адамдар (отбасылар);»;
9 - тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек алушылардың мынадай санаттарына көрсетіледі:»;
2) - тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға – 10000 теңге;»;
5) - тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні– 31 мамыр – жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 3000 теңге;».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы