О внесении изменения в решение Глубоковского районного маслихата от 21 апреля 2014 года № 26/5-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Глубоковского районного маслихата от 21 апреля 2014 года № 26/5-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Глубокое аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 21 сәуірдегі 26/5-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33/3-V
- Қабылданған күні
- 25.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2019 87294_422345.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VI003722
- ЭКБ идентификаторы
- 87294
- Редакция идентификаторы
- 87294_422345
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:27
0 Глубокое аудандық мәслихатының
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту
туралы» 2014 жылғы 21 сәуірдегі 26/5-V
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 2-3- тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 21 сәуірдегі 26/5-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3337 болып тіркелген, 2014 жылы 23 мамырда «Ақ бұлақ», «Огни Прииртышья» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
9 9-тармақ 4)-тармақшаның екінші және сегізінші абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 50,5 айлық есептік көрсеткіштер;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталғандарға – 12,7 айлық есептік көрсеткіштер;».