О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 21 апреля 2014 года № 4852 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел архитектуры и градостроительства города Усть-Каменогорска"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 21 апреля 2014 года № 4852 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел архитектуры и градостроительства города Усть-Каменогорска"
- Атауы (қаз.)
- Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4852 "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8235
- Қабылданған күні
- 13.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2016 85133_182183.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VA003578
- ЭКБ идентификаторы
- 85133
- Редакция идентификаторы
- 85133_182183
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:59
0 Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4852 "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1-бабының 29-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен қаласының кәсіпкерлік сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4852 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3314 тіркелген, 2014 жылғы 22 мамырда «Өскемен», «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
15-тармақта:
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) мекеменің құзіреті шегінде әкімнің және қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;»;
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзіреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;».