О внесении изменения в решение акима Панфиловского района от 21 января 2015 года № 01-02 «Об образовании избирательных участков для проведения голосования и подсчета голосов в Панфиловском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Панфиловского района от 21 января 2015 года № 01-02 «Об образовании избирательных участков для проведения голосования и подсчета голосов в Панфиловском районе»
- Атауы (қаз.)
- Панфилов ауданы әкімінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы «Панфилов ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» № 01-02 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 03-05
- Қабылданған күні
- 02.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 10.06.2015 87438_130693.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DP003086
- ЭКБ идентификаторы
- 87438
- Редакция идентификаторы
- 87438_130693
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:17
0 Панфилов ауданы әкімінің 2015 жылғы
21 қаңтардағы «Панфилов ауданында
дауыс беруді өткізу және дауыс санау
үшін сайлау учаскелерін құру туралы»
№ 01-02 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес Панфилов ауданының әкімі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Панфилов ауданы әкімінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы «Панфилов ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» № 01-02 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 6 ақпанында № 3031 тіркелген, аудандық «Жаркент өңірі» газетінің 2015 жылдың 21 ақпанында № 8 (8746) жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасындағы № 616 сайлау учаскесі алынып тасталсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Магрупова Роза Азаматқызына жүктелсін.
3
3. Аудан әкімінің аппарат басшысы Садыков Аскар Джумахановичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.