О внесении изменений в совместный приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 21 декабря 2015 года № 150, Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1119, Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 733, Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 21 «Об утверждении Правил и оснований получения правоохранительными органами из системы информационного обмена правоохранительных, специальных госуда
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместный приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 21 декабря 2015 года № 150, Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1119, Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 733, Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 21 «Об утверждении Правил и оснований получения правоохранительными органами из системы информационного обмена правоохранительных, специальных госуда
- Атауы (қаз.)
- «Құқық қорғау органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де шешу үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 150, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1119, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 153
- Қабылданған күні
- 20.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2020 143902_468050.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020859
- ЭКБ идентификаторы
- 143902
- Редакция идентификаторы
- 143902_468050
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:27
0
«Құқық қорғау органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де шешу үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 150, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1119, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 733, Қазақстан Респуликасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 21 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Құқық қорғау органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздері бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 150, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1119, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 733, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 21 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12860 санымен тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-2 бабы 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:»;
Құқық қорғау органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу қағидаларында:
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының қызметкерлері осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке) жүктелген өзге де міндеттерді шешу барысында Қолжетімділік құқықтарына сәйкес көлемде ҚАО ААЖ-дан ақпаратты алады.
7. Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы миинстрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі – ҚМ ҚМК) экономикалық тергеу қызметіне жүктелген өзге де міндеттерді шешу барысында Қолжетімділік құқықтарына сәйкес көлемде ҚАО ААЖ-дан ақпаратты алады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. ҚМ ҚМК сервистері қолжетімді болатын баптар осы Қағидалардың 8-қосымшасында сипатталған.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. ҚАО ААЖ пайдалану үрдісінде барлық параметрлерді белгілеу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жүзеге асырылады.»;
1-қосымшада ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
* Қысқартылған қызмет ЗТМО – ЗТМО кіріс мөлшерін көрсетпестен
** ҚМК қызметтерінің қолжетімділігі жөніндегі баптар осы Қағиданың 8-қосымшасында сипатталған»;
2-қосымшада ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
* ҚМК қызметтерінің қолжетімділігі жөніндегі баптар осы Қағиданың 8-қосымшасында сипатталған»;
3-қосымшада ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
* Қысқартылған қызмет ЗТМО – ЗТМО кіріс мөлшерін көрсетпестен
** ҚМК қызметтерінің қолжетімділігі жөніндегі баптар осы Қағиданың 8-қосымшасында сипатталған»;
4-қосымшада ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
* Қысқартылған қызмет ЗТМО – ЗТМО кіріс мөлшерін көрсетпестен
** ҚМК қызметтерінің қолжетімділігі жөніндегі баптар осы Қағиданың 8-қосымшасында сипатталған»;
5-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке) жүктелген өзге міндеттерді шешу барысындағы қол жеткізу құқығы»;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
* Қысқартылған қызмет ЗТМО – ЗТМО кіріс мөлшерін көрсетпестен
** ҚМК қызметтерінің қолжетімділігі жөніндегі баптар осы Қағиданың 8-қосымшасында сипатталған»;
6-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметіне жүктелген өзге міндеттерді шешу барысындағы қол жеткізу құқығы»;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
* Қысқартылған қызмет ЗТМО – ЗТМО кіріс мөлшерін көрсетпестен
** ҚМК қызметтерінің қолжетімділігі жөніндегі баптар осы Қағиданың 8-қосымшасында сипатталған»;
7-қосымшада ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
* ҚМК қызметтерінің қолжетімділігі жөніндегі баптар осы Қағиданың 8-қосымшасында сипатталған»;
12-қосымшада:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«
3
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) жедел қызметкерлері
+
+
+
+
4
ҚМ ҚМК жедел қызметкерлері
+
+
+
+
».