Құжат мәтініне өту

О внесении изменении в постановление акимата Казалинского района от 21 июля 2015 года № 188 «Об установлении перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот по Казалинскому району»

Қаулы · № 221 · қабылданған 31.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2015-no-188/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменении в постановление акимата Казалинского района от 21 июля 2015 года № 188 «Об установлении перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот по Казалинскому району» Қолданыста Қаулы ·№ 221 ·31.12.2024
31.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменении в постановление акимата Казалинского района от 21 июля 2015 года № 188 «Об установлении перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот по Казалинскому району»

Қолданыста Қаулы ·№ 221 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменении в постановление акимата Казалинского района от 21 июля 2015 года № 188 «Об установлении перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот по Казалинскому району»
Атауы (қаз.)
«Қазалы ауданы бойынша мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру - сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы» Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі №188 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
221
Қабылданған күні
31.12.2024
Көрсетілген редакция
31.12.2024 206490_739624.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24LD857711
ЭКБ идентификаторы
206490
Редакция идентификаторы
206490_739624
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:30

0

«Қазалы ауданы бойынша мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру - сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы» Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі №188 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазалы ауданы бойынша мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру - сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы» Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 188 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5105 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазалы ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшерін белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

1 «1. Қазалы ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.»;

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Қазалы ауданы әкімдігінің

2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 221
қаулысына қосымша

6 Қазалы ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «21» шілдедегі
№ 188 қаулысына қосымша
Қазалы ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері

Азаматтар санаты
Жеңілдіктер мөлшері
1
7 жасқа дейінгі балалар
Тегін
2
Көп балалы отбасыларынан оқушы- балалар
Тегін
3
Балалар үйлерінен оқушы - балалар
Тегін
4
Спорт ардагерлері
Тегін
5
Оқушылар
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік
6
Студенттер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік
7
Зейнеткерлер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік
Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.

Қолданыстағы