Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 21 декабря 2015 года № 23-НҚ «Об утверждении Положения о Национальной комиссии по сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора»

Қаулы · № 10-НҚ · қабылданған 12.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2015-no-23-ekb-197643/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 21 декабря 2015 года № 23-НҚ «Об утверждении Положения о Национальной комиссии по сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора» Қолданыста Қаулы ·№ 10-НҚ ·12.06.2024
12.06.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 21 декабря 2015 года № 23-НҚ «Об утверждении Положения о Национальной комиссии по сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора»

Қолданыста Қаулы ·№ 10-НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 21 декабря 2015 года № 23-НҚ «Об утверждении Положения о Национальной комиссии по сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
10-НҚ
Қабылданған күні
12.06.2024
Көрсетілген редакция
12.06.2024 197643_705053.kaz
Соңғы өзгеріс
12.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034490
ЭКБ идентификаторы
197643
Редакция идентификаторы
197643_705053
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:07

0 «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ұлттық комиссияның шешімдері Ұлттық комиссияның мүшелері қол қоятын дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағына дауыс беру арқылы қабылданады және Ұлттық комиссияның Төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
9. Қойылатын сұрақтардың саны барлық кандидатқа бірдей болады және сұрақтар кандидат үміт білдірген санаттағы мемлекеттік аудитордың алдына қойылған функционалдық міндеттердің шегінен шықпайды.
Дауыс беру әрбір кандидатпен әңгімелесу аяқталғаннан кейін, Ұлттық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағын толтыру арқылы жүзеге асырылады.
Егер дауыс беруге қатысып отырған Ұлттық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, Ұлттық комиссияның шешімдері қабылданды деп саналады.
Дауыстар тең болған жағдайда, Ұлттық комиссияның Төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Ұлттық комиссияның шешімдері Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсы арқылы қалың көпшілік назарына жеткізіледі.»;
қосымша осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Жоғары аудиторлық палатаның Сертификаттау және ұйымдастыру жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

4 4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасының

Жоғары аудиторлық палатасының
2024 жылғы 12 маусымдағы
№ 10-НҚ Нормативтік қаулыға
қосымша
Мемлекеттік аудитор
біліктілігін иеленуге үміткер
адамдарды сертификаттау жөніндегі
ұлттық комиссия туралы ережеге
қосымша
нысан
Р/с

Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Жұмыс орны
Атқаратын лауазымы
Дауыс бердім:*
Дауыс
бермедім**
Сәйкес
Сәйкес емес
Бас тартуының себебі
1
2
3
4
5
6
7
8
1
2
3
Барлығы:
Ұлттық комиссия мүшесі: ___________________
(қолы)
Күні: 20__ жылғы ______________
Ескертпе:
* тиісті сандар қойылатын «Барлығы» деген жолды қоспағанда, «Сәйкес» және «Сәйкес емес» деген бағандарда «+» немесе «-» деген белгілер қойылады.
«Бас тартуының себебі» деген бағанда дауыс берудің теріс нәтижесінің себебі көрсетіледі.
** Ұлттық комиссияның мүшесі отырыста болмаған жағдайда тиісті белгі жасалады.

Қолданыстағы