Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 21 декабря 2015 года № 23-НҚ «Об утверждении Положения о Национальной комиссии по сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора»

Қаулы · № 9-НҚ · қабылданған 11.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2015-no-23/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 21 декабря 2015 года № 23-НҚ «Об утверждении Положения о Национальной комиссии по сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора» Қолданыста Қаулы ·№ 9-НҚ ·11.08.2025
11.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 21 декабря 2015 года № 23-НҚ «Об утверждении Положения о Национальной комиссии по сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора»

Қолданыста Қаулы ·№ 9-НҚ · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 21 декабря 2015 года № 23-НҚ «Об утверждении Положения о Национальной комиссии по сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9-НҚ
Қабылданған күні
11.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
25.08.2025
Көрсетілген редакция
11.08.2025 213222_772430.kaz
Соңғы өзгеріс
11.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036611
ЭКБ идентификаторы
213222
Редакция идентификаторы
213222_772430
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:52

0 «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені

бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12680 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы Ұлттық комиссияның төрағасы болып табылады.
Ұлттық комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) болып табылады.
Ұлттық комиссияның төрағасы берілген ұсыныстардың негізінде саны кемінде он төрт адам болатын Ұлттық комиссияның дербес құрамын бекітеді.
Ұлттық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Жоғары аудиторлық палатаның, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісу бойынша) кіреді.
Өкілдік мемлекеттік саяси қызметшілер және/немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері деңгейінде қамтамасыз етіледі.».

2 2. Жоғары аудиторлық палата аппаратының Жоспарлау және сертификаттау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы нормативтік қаулы ресми жарияланғанынан кейін оның Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

4 4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

Қолданыстағы