Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 34 «Об утверждении Правил присвоения полос частот, радиочастот (радиочастотных каналов), эксплуатации радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств, а также проведения расчета электромагнитной совместимости радиоэлектронных средств гражданского назначения»

Бұйрық · № 564/НҚ · қабылданған 19.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2015-no-34-ekb-200893/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 34 «Об утверждении Правил присвоения полос частот, радиочастот (радиочастотных каналов), эксплуатации радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств, а также проведения расчета электромагнитной совместимости радиоэлектронных средств гражданского назначения» Қолданыста Бұйрық ·№ 564/НҚ ·19.09.2024
19.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 34 «Об утверждении Правил присвоения полос частот, радиочастот (радиочастотных каналов), эксплуатации радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств, а также проведения расчета электромагнитной совместимости радиоэлектронных средств гражданского назначения»

Қолданыста Бұйрық ·№ 564/НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 34 «Об утверждении Правил присвоения полос частот, радиочастот (радиочастотных каналов), эксплуатации радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств, а также проведения расчета электромагнитной совместимости радиоэлектронных средств гражданского назначения»
Атауы (қаз.)
«Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
564/НҚ
Қабылданған күні
19.09.2024
Көрсетілген редакция
19.09.2024 200893_720990.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035100
ЭКБ идентификаторы
200893
Редакция идентификаторы
200893_720990
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:36

0

«Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10730 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларында:
33-тармақ мынадай мазмұндағы 6, 7, және 8-тармақшалармен толықтырсын:
6) уәкілетті органның:
байланыс саласындағы перспективалық технологияларды іске асыру;
радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарларына сәйкес радиожиілік спектрін, жиілік белдеулерін тиімді пайдалану мақсатында радиожиілік спектрін қайта бөлуді жүргізу туралы шешімі бойынша;
7) дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылғанда немесе заңды тұлға таратылғанда;
8) байланыс операторы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған күннен бастап алты ай ішінде радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану туралы хабарламаны және азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігінің есептемесін ұсынбағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тоқтатылады.»;
1-қосымшада:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
24.
SRD (деректерді таратудың кең жолақты жүйелері) WAS/RLAN Деректерді тарату жүйелері\ жергілікті радиожүйелер
2400.0–2483.5 МГц
100 мВт э.и.с.қ.
Модуляцияның кең жолақты түрлері үшін, ЖЖПҚ (FHSS)–дан басқа, ЭИСҚ максималды спектралды тығыздығы 10 мВт/1 МГц
5150–5350 МГц
200 мВт, э.и.с.қ. максималды спектралды тығыздығы 10 мВт/МГц
Тек қана ғимараттың ішінде қолдану үшін.
5470–5725 МГц
100 мВт э.и.с.қ. максималды спектралды тығыздығы 10 мВт/МГц
Тек қана ғимараттың ішінде қолдану үшін.
5725-5850
МГц
100 мВт э.и.с.қ. максималды спектралды тығыздығы 10 мВт/МГц
Тек қана ғимараттың ішінде қолдану үшін.
5925-6425 МГц
200 мВт, э.и.с.қ. максималды спектралды тығыздығы 10 мВт/МГц
Тек қана ғимараттың ішінде қолдану үшін.
17.1–17.3 ГГц
100 мВт э.и.с.қ.
57–66 ГГц
40 дБм э.и.с.қ.
Тек ғимараттың ішінде қолдануға арналған.
э.и.с.қ. максималды орташа тығызыдығы 13 дБм/МГц–ке дейін шектелуі тиіс.
»;
3-қосымшада:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін
1) Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін (бұдан әрі – РЖС) пайдалануға рұқсат беру – 20 (жиырма) жұмыс күні, оның ішінде кеме станциясының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаты – 5 (бес) жұмыс күні. Халықаралық үйлестіру жүргізілген жағдайда мерзім алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
2) РЖС рұқсаты Портал арқылы мемлекеттік бюджетке РЖС пайдаланғаны үшін жылдық төлемнің төленгенін растайтын құжатты тең бөліктермен ағымдағы жылдың 25 наурызы, 25 маусымы, 25 қыркүйегі мен 25 желтоқсанына дейін РЖС пайдаланушымен қоса ұсынған жағдайда келесі жылға автоматты түрде ұзартылады.
3) Қазақстан Республикасының РЖС пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу – 10 (он) жұмыс күн, егер РЭҚ және ЖЖҚ-ның техникалық параметрлері, мақсаты және орнату орны өзгерген жағдайда, сондай-ақ егер техникалық параметрлер бұрын берілген РЖС рұқсатында көрсетілген мәндерден асып кеткен болса - 20 (жиырма) жұмыс күні.
4) РЖС пайдалануға рұқсаттың күшін жою – 10 (он) жұмыс күн.
».

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы