О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 34 «Об утверждении Правил присвоения полос частот, радиочастот (радиочастотных каналов), эксплуатации радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств, а также проведения расчета электромагнитной совместимости радиоэлектронных средств гражданского назначения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 34 «Об утверждении Правил присвоения полос частот, радиочастот (радиочастотных каналов), эксплуатации радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств, а также проведения расчета электромагнитной совместимости радиоэлектронных средств гражданского назначения»
- Атауы (қаз.)
- «Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 536/НҚ
- Қабылданған күні
- 03.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 21.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 03.09.2026 229787_839965.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039833
- ЭКБ идентификаторы
- 229787
- Редакция идентификаторы
- 229787_839965
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:34
0
«Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10730 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-12) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 78) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларында:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-12) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жиілік белдіулерін, радиожиіліктерді (радиожиіліктік арналарын), радиоэлектрондық құралдар (бұдан әрі – РЭҚ) мен жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі – ЖЖҚ) пайдалану тәртібін, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы РЭҚ-тың электромагниттік үйлесімділігін (бұдан әрі – ЭМҮ) есептеу тәртібін айқындайды.»;
2-тармақшада:
30) және 31) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«30) электрондық құжат – анықтығын, тиесілілігін және өзгермейтіндігін растау электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен қамтамасыз етілген цифрлық жазба;
31) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33) қатысушы – сауда-саттыққа қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлға, оның ішінде консорциум;»;
мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын:
«33-1) консорциум – бұл заңды тұлғалар қандай да бір ресурстарды біріктіретін және шаруашылық нақты міндеттерді шешу үшін күш-жігерін үйлестіретін бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде уақытша ерікті тең құқықты одақ (бірлестік);»;
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік корсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызмет алушы Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитетіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «цифрлық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде мыналарды жолдайды:»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті беруші қызметкері өтінім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – Мемлекеттік радиожиілік қызметі) орындауға жібереді.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Кеме станциясы үшін РЖС-ға рұқсат немесе РЖС-ға рұқсат берілгеннен кейін аумақтық бөлімшелер Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төлем төлеуге (қалған жылдық кезең үшін) хабарлама жібереді.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде түседі.»;
51-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын мәліметтерді пайдаланатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ғимараттарындағы және аумақтарындағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тек үкіметтік байланысқа, арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілеріне, ЖСНЖ ұлттық операторының дифференциалдық станциялар желілеріне және ведомствоаралық байланысқа жататын РЭҚ және олардың антенна-фидерлік құрылғыларын орнатуға рұқсат етіледі.»;
73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«73. Қазақстан Республикасының заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияның мүшелеріне сауда-саттықты дайындау мен өткізудің бүкіл кезеңінде конкурстың қатысушылары туралы мәліметтерді жария етуге жол берілмейді.»;
3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
10-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
12-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
16-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
1 «Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, күшін жою, ұзарту және қайта ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 536/НҚ
Бұйрығына 1- қосымша
Жиіліктер белдеулерін
радиожиіліктерді (радиожиілік
арналарын) иелікке беру,
радиоэлектрондық құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
пайдалану, сондай-ақ азаматтық
мақсаттағы радиоэлектрондық
құралдардың электромагниттік
үйлесімділігін есептеуді жүргізу
қағидаларына 3-қосымша
«Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, күшін жою, ұзарту және қайта ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1.
Мемлекеттік қызметтің атауы
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, күшін жою, ұзарту және қайта ресімдеу
2.
Кіші түрдің атауы (бар болса)
1) радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты ұзарту;
2) радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу;
3) радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттың күшін жою.
3.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті
4.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін ұсыну тәсілдері (бар болса)
Өтінішті қабылдау және нәтижесін беру түрде «цифрлық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады
5.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін көрсету мерзімі (бар болса)
1) Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін (бұдан әрі – РЖС) пайдалануға рұқсат беру – 20 (жиырма) жұмыс күні, оның ішінде кеме станциясының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаты – 5 (бес) жұмыс күні. Халықаралық үйлестіру жүргізілген жағдайда мерзім алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
2) РЖС рұқсаты Портал арқылы мемлекеттік бюджетке РЖС пайдаланғаны үшін жылдық төлемнің төленгенін растайтын құжатты тең бөліктермен ағымдағы жылдың 25 наурызы, 25 маусымы, 25 қыркүйегі мен 25 желтоқсанына дейін РЖС пайдаланушымен қоса ұсынған жағдайда келесі жылға автоматты түрде ұзартылады.
3) Қазақстан Республикасының РЖС пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу – 10 (он) жұмыс күн, егер РЭҚ және ЖЖҚ-ның техникалық параметрлері, мақсаты және орнату орны өзгерген жағдайда, сондай-ақ егер техникалық параметрлер бұрын берілген РЖС рұқсатында көрсетілген мәндерден асып кеткен болса - 20 (жиырма) жұмыс күні.
4) РЖС пайдалануға рұқсаттың күшін жою – 10 (он) жұмыс күн.
6.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және оның кіші түрлерін көрсету нысаны (бар болса)
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)
7.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және оның кіші түрлерінің (бар болса) нәтижесі
Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының РЖС пайдалануға рұқсат; Қазақстан Республикасының РЖС пайдалануға рұқсаттың күшін жою, ұзарту, қайта ресімдеу; Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
8.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі. Осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымшада телевизиялық және радиохабар тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін жиналатын алым ставкалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес радиобайланыс түрлері үшін жылдық төлем ставкалары көрсетілген.
Төлем екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма- қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. Төлем сандай-ақ «Цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы да жүзеге асырылады.
9.
Көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік корпорациялардың, ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.egov.kz/memleket/entities/mdai "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) «цифрлық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында орналастырылған.
10.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі
1) РЖС пайдалануға рұқсат беру: осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім; сұралып отырған радиожиіліктер белдеуінің (номиналының) негіздемесі келтірілген түсіндірме жазба, онда жоспарланып отырған радиожелінің (радиотораптардың) мақсаты мен сипаты, пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалар, қолданылуы жоспарланып отырған радиоэлектрондық құралдардың (бұдан әрі – РЭҚ) техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер егжей-тегжейлі баяндалады. Оның ішінде түсіндірме жазбаға: спутниктік байланысты ұйымдастыру үшін бөлінетін радиожиілік номиналдарын (жолағын), ЭИСҚ, сәуле шығару класы, VSAT-станциялар үлгісін көрсете отырып, спутниктік байланыс операторы хатының көшірмесі; Қазақстан Республикасының аумағында геостационарлық емес спутниктерді пайдалану үшін Халықаралық электр байланыс одағының Радио байланыс регламентіне сәйкес геостационарлық емес спутниктік желісін тіркеуге Халықаралық электр байланыс одағының оң қорытындысының көшірмесі; телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеуін, радиожиілікті (радиожиілікті арналарды) бөлу бойынша өткізілген конкурстың оң нәтижесі; Қазақстан Республикасының аумағындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық өкілдіктері үшін Қазақстан Республикасының аумағында РЖС рұқсатын алуға келісім туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі хатының көшірмесі қоса беріледі; радиобайланыс түріне байланысты осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құрлықтағы жылжымалы стационарлық радиоэлектрондық құралға (ұялы байланыстың базалық станциясына (2G, 3G, 4G, 5G), УҚТ, ҚТ, ОТ, ҰТ, транкингтік радиобайланыс және сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi), теңіз қызметтеріне (жағалау, радиолокациялық станциялар, радиомаяктар және басқалар) және КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйесінің радиоэлектрондық құралына (WLL) сауалнама, немесе 6-қосымшаға сәйкес радиорелелік желіге сауалнама, немесе 7-қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын таратушыға сауалнама, немесе 8-қосымшаға сәйкес жер станциясына сауалнама (кеме станциялары үшін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық деректермен толтырылған сауалнама толтырылады.
2) РЖС пайдалануға рұқсатты ұзарту: РЖС рұқсаты Портал арқылы мемлекеттік бюджетке РЖС пайдаланғаны үшін жылдық төлемнің төленгенін растайтын құжатты тең бөліктермен ағымдағы жылдың 25 наурызы, 25 маусымы, 25 қыркүйегі мен 25 желтоқсанына дейін РЖС пайдаланушымен қоса ұсынған жағдайда келесі жылға автоматты түрде ұзартылады
3). РЖС-ға рұқсатты қайта ресімдеу: осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім; түсіндірме жазба. Кеме станциясының рұқсаты үшін теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлігін ұсыну қажет; РЖС рұқсатының көшірмесі (қағаз тасығышта алған жағдайда); РЖС рұқсаты электрондық түрде алынған жағдайда (портал арқылы) РЖС-ға рұқсат көшірмесі талап етілмейді. заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, құқықтық мұрагерлікті растайтын құжат; радиобайланыс түріне байланысты осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құрлықтағы жылжымалы стационарлық радиоэлектрондық құралға (ұялы байланыстың базалық станциясына (2G, 3G, 4G, 5G), УҚТ, ҚТ, ОТ, ҰТ, транкингтік радиобайланыс және сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi), теңіз қызметтеріне (жағалау, радиолокациялық станциялар, радиомаяктар және басқалар) және КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйесінің радиоэлектрондық құралына (WLL) сауалнама, немесе 6-қосымшаға сәйкес радиорелелік желіге сауалнама, немесе 7-қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын таратушыға сауалнама, немесе 8-қосымшаға сәйкес жер станциясына сауалнама (кеме станциялары үшін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық деректермен толтырылған сауалнама) толтырылады; РЖС пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төленгенін растайтын құжат. РЖС-ға электрондық түрде (портал арқылы) алынған рұқсаттарды қайта ресімдеген жағдайда РЭҚ-қа сауалнама талап етілмейді;
4) РЖС күшін жою: РЖС рұқсатын алуға бас тарту себептерін және жою күнін көрсете отырып, ерікті нысандағы өтініш; РЖС-не рұқсат (егер РЖС рұқсат электрондық түрде Портал арқылы алынған болса, аталған құжат талап етілмейді); ұсынылған хабарлама бойынша өтінім берілген мерзімге дейінгі РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке аумақ бойынша төлемақы төленгенін растайтын құжат.
11.
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін көрсетуден бас тарту негіздері (бар болса)
1) мәлімделген жиіліктер белдеуі, радиожиіліктер (радиожиілік арнасы) Жиіліктер белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес келмесе;
2) мәлімделген радиоэлектрондық құралдардың сәулелену және қабылдау параметрлері радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету саласындағы талаптарға, нормаларға сәйкес келмесе;
3) қолданыстағы және пайдалану үшін жоспарланып отырған радиоэлектрондық құралдармен электромагниттік үйлесімділік сараптамасының оң қорытындысы болмаса;
4) пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұрын иелікке берілген, мәлімделген жиілік белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арнасы) азаматтық пайдаланушылардың қарамағында болса;
5) радиожиілік пайдаланылатын, байланыс саласындағы кәсіпкерлік қызмет түріне лицензиар Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіппен беретін тиісті лицензия болмаса;
6) жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арнасы) Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органымен келісу жүргізудің оң нәтижелері болмаса;
7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
8) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
9) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
11) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы;
12) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша бас тартылады.
12
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
1) Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін кызметті алу мүмкіндігі бар.
2) Көрсетілетін қызметті алушының, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: www.gov.egov.kz/memleket/entities/mdai интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
1.1 Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергені үшін алым мөлшерлемелері
«Қазақстан Республикасының
радиожиілілік спектрін
пайдалануға рұқсат беру, жою,
ұзарту және қайта ресімдеу»
мемлекеттік қызметін
көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне
қосымша
Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергені үшін алым мөлшерлемелері
1) радиожиіліктің метрлік диапазонды телевизия үшін:
Р/с №
Халық саны (мың адам)
Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт))
Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)
1
2
3
4
1.
10-ды қоса алғанға дейін
100-ді қоса алғанға дейін
20
2.
10-нан 50-ді қоса алғанға дейін
500-ді қоса алғанға дейін
41
3.
10-нан 50-ді қоса алғанға дейін
500-ден жоғары
83
4.
50-ден 100-ді қоса алғанға дейін
1000-ды қоса алғанға дейін
124
5.
50-ден 100-ді қоса алғанға дейін
1000-нан жоғары
249
6.
100-ден 200-ді қоса алғанға дейін
1000-ды қоса алғанға дейін
290
7.
100-ден 200-ді қоса алғанға дейін
1000-нан жоғары
435
8.
200-ден 500-ді қоса алғанға дейін
2000-ды қоса алғанға дейін
828
9.
200-ден 500-ді қоса алғанға дейін
2000-нан жоғары
1243
10.
500-ден жоғары
5000-ды қоса алғанға дейін
2367
11.
500-ден жоғары
5000-нан жоғары
3550
2) радиожиіліктің дециметрлік диапазонды телевизия үшін:
Р/с №
Халық саны (мың адам)
Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт))
Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)
1
2
3
4
1.
10-ды қоса алғанға дейін
100-ді қоса алғанға дейін
13
2.
10-нан 50-ді қоса алғанға дейін
500-ді қоса алғанға дейін
26
3.
10-нан 50-ді қоса алғанға дейін
500-ден жоғары
52
4.
50-ден 100-ді қоса алғанға дейін
1000-ды қоса алғанға дейін
78
5.
50-ден 100-ді қоса алғанға дейін
1000-нан жоғары
155
6.
100-ден 200-ді қоса алғанға дейін
1000-ды қоса алғанға дейін
181
7.
100-ден 200-ді қоса алғанға дейін
1000-нан жоғары
272
8.
200-ден 500-ді қоса алғанға дейін
2000-ды қоса алғанға дейін
518
9.
200-ден 500-ді қоса алғанға дейін
2000-нан жоғары
777
10.
500-ден жоғары
5000-ды қоса алғанға дейін
1479
11.
500-ден жоғары
5000-нан жоғары
2219
3) Радиожиіліктің УҚT ЖМ (FМ) диапазонды радио хабарларын тарату:
Р/с №
Халық саны (мың адам)
Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт))
Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)
1
2
3
4
1.
10-ды қоса алғанға дейін
100-ге дейін
5
2.
10-нан 50-ді қоса алғанға дейін
500-ді қоса алғанға дейін
9
3.
10-нан 50-ді қоса алғанға дейін
500-ден жоғары
18
4.
50-ден 100-ді қоса алғанға дейін
1000-ды қоса алғанға дейін
27
5.
50-ден 100-ді қоса алғанға дейін
1000-нан жоғары
53
6.
100-ден 200-ді қоса алғанға дейін
1000-ды қоса алғанға дейін
62
7.
100-ден 200-ді қоса алғанға дейін
1000-нан жоғары
93
8.
200-ден 500-ді қоса алғанға дейін
2000-ды қоса алғанға дейін
178
9.
200-ден 500-ді қоса алғанға дейін
2000-нан жоғары
266
10.
500-ден жоғары
5000-ды қоса алғанға дейін
488
11.
500-ден жоғары
5000-нан жоғары
732
4) радиожиіліктің ҚТ, ОТ, ҰТ диапазонды радио хабарларын тарату үшін:
Р/с №
Халық саны (мың адам)
Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт))
Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)
1
2
3
4
1.
500-ден жоғары
100-ді қоса алғанға дейін
5
2.
100-ден 1000-ды қоса алғанға дейін
15
3.
1000-нан 10000-ды қоса алғанға дейін
30
4.
10000-нан 100000-ды қоса алғанға дейін
45
5.
100000-нан бастап
89
Радиобайланыстың түрлері үшін жылдық төлемақы мөлшерлемелері:
Р/с №
Радиобайланыс түрлерi
Пайдалану аумағы
Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК)
1.
Дербес радиошақыру радиожүйелерi (енi 25 кГц жиiлiк берілгені үшiн)
астана, облыс және республикалық маңызы бар қала
10
2.
Транкинг байланысы (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц радиоарна үшiн)
2.1.
астана және республикалық маңызы бар қала
140
2.2.
халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен
80
2.3.
қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)
10
3.
УҚТ-диапазонды радиобайланыс (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн)
3.1.
астана және республикалық маңызы бар қала
80
3.2.
халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен
60
3.3.
қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ))
15
4.
УҚТ-диапазонды радиобайланыс (енi 25 кГц симплекстi арна үшiн)
4.1.
астана және республикалық маңызы бар қала
30
4.2.
халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен
20
4.3.
қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ))
10
5.
Таратқыштың шығу қуаты:- 50 Вт-қа дейiн; - 50 Вт-тан жоғары болған кезде ҚT-байланыс (бiр жиiлiк берілгені үшiн)
астана, облыс және республикалық маңызы бар қала
10 20
6.
Радиоұзартқыштар (арна үшiн)
астана, облыс және республикалық маңызы бар қала
2
7.
Ұялы байланыс* (қабылдауға енi 1 МГц/беруге 1 МГц жиiлiктер белдеуi үшiн)
астана, облыс және республикалық маңызы бар қала
2 300**
8.
Жаһандық дербес жылжымалы спутниктік байланыс (қабылдауға енi 100 кГц/ беруге 100 кГц жиiлiктердiң дуплекстi белдеуi үшiн)
Қазақстан Республикасы
20
9.
HUB-технологиясы бар спутниктік байланыс (HUB-қа пайдаланылатын, қабылдауға белдеуi 100 кГц/беруге 100 кГц болатын енi үшiн)
Қазақстан Республикасы
30
10.
HUB-технологиясынсыз спутниктік байланыс (бiр станция пайдаланатын жиiлiктер үшiн)
Қазақстан Республикасы
100
11.
Радиореле желiлері (бiр аралықтағы дуплекстi ұңғыма үшiн):
11.1.
жергiлiктi
аудан, қала, кент, ауыл, ауылдық округ
40
11.2.
аймақтық және магистральдық
Қазақстан Республикасы
10
12.
Сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн)
12.1.
халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен
25
12.2.
қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)
2
13.
КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц дуплекстi арна үшiн)
13.1.
астана және республикалық маңызы бар қала
140
13.2.
халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен
70
13.3.
қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)
5
14.
Эфирлiк-кәбілдік телевизия (8 МГц жиiлiктер белдеуi үшiн)
14.1.
халқының саны 200 мың адамнан асатын елдi мекен
300
14.2.
халқының саны 50 мыңнан 200 мың адамға дейін болатын елдi мекен
135
14.3.
халқының саны 50 мың адамға дейiн болатын аудандық маңызы бар қала; аудан
45
14.4.
қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл, ауылдық округ)
5
15.
Теңiздегi радиобайланыс (радиомодем, жағалаулық байланыс, телеметрия, радиолокациялық және т.б.), бiр радиоарна үшiн
облыс
10
Ескертпе:
* - GSM/DCS, CDMA, 3G/UMTS, 4G/LTE, 5 G/IMT ұялы/ұялы стандарттары үшін қолданылады.
** - ұялы байланыс үшін есептелген жылдық төлемақы ставкасының сомасы тоқсан пайызға азайтылады, өзіне бағыт бойынша міндеттемелерді өз бетінше немесе шоғырландырылған қабылдаған байланыс операторлары үшін қалалық және ауылдық жерлердегі кең жолақты Интернет жобаларын қаржыландыруға тиісті төлемақы ставкаларының төмендеуінен босатылған қаражат кем емес.
Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату үшін жылдық төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с №
Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату үшін жиіліктер диапазоны
Пайдалану аумағы
Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК)
1
2
3
4
1.
Телевизия/жиіліктердің метрлік диапазоны
1.1.
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 50 Вт-ты қоса алғанға дейін
астана және республикалық маңызы бар қала
81
облыс
15
1.2.
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 250 Вт-ты қоса алғанға дейін
астана және республикалық маңызы бар қала
361
облыс
65
1.3.
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 500 Вт-ты қоса алғанға дейін
астана және республикалық маңызы бар қала
957
облыс
174
1.4.
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-ты қоса алғанға дейін
астана және республикалық маңызы бар қала
1 353
облыс
245
1.5.
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-тан жоғары
астана және республикалық маңызы бар қала
2 344
облыс
425
2.
Телевизия/ жиіліктердің дециметрлік диапазоны
2.1.
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 50 Вт-ты қоса алғанға дейін
астана және республикалық маңызы бар қала
51
облыс
9
2.2.
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 250 Вт-ты қоса алғанға дейін
астана және республикалық маңызы бар қала
228
облыс
41
2.3.
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 500 Вт-ты қоса алғанға дейін
астана және республикалық маңызы бар қала
605
облыс
110
2.4.
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-ты қоса алғанға дейін
астана және республикалық маңызы бар қала
855
облыс
155
2.5.
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-тан жоғары
астана және республикалық маңызы бар қала
1 481
облыс
269
2 ӨТІНІМ
Бұйрығына 2- қосымша
Жиіліктер белдеулерін радиожиіліктерді
(радиожиілік арналарын) иелікке беру,
радиоэлектрондық құралдар мен жоғары
жиілікті құрылғыларды пайдалану,
сондай-ақ азаматтық мақсаттағы
радиоэлектрондық құралдардың
электромагниттік үйлесімділігін
есептеуді жүргізу қағидаларына
4-қосымша
ӨТІНІМ
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беруді/қайта ресімдеуді сұраймын
__________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының қаласын, ауданын, облысын көрсету)
Қағидалардың 8-тармағына сәйкес радиожиілік спектрі саласындағы құжаттарды
ресімдеудің оңайлатылған рәсімі бойынша РЖС-ке рұқсат беруді сұраймын.
Иә □ / □ жоқ (біреуін таңдаңыз)
Тәжіребелік пайдалану, жарыстар, көрмелер және өзгеде іс-шараларды өткізу кезеңіне
РЖС-ға рұқсат беруіңізді сұраймын
Иә □ / □ жоқ (біреуін таңдаңыз)
Ұйым туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны ________________________________________________
2. Құрылған жылы ________________________________________________
3. Мекенжайы ____________________________________________________
(почталық индексі, облысы, ауданы, көшесі, үйдің №, телефоны)
4. Өтінім берушінің байланыс деректері
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жұмыс телефоны, электрондық
мекенжайы)
5. Есеп айырысу шоты _____________________________________________
(шот №, банктің атауы және орналасқан жері)
6. Банктік реквизиттер _____________________________________________
7. БСН/ЖСН ______________________________________________________
8. Қызмет көрсету түрі _____________________________________________
(лицензиялық қызмет жағдайында лицензияның нөмірі және сериясы)
9. Басшы ________________ __________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20___ жылғы "____" __________________
3 Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат
Бұйрығына 3- қосымша
Жиіліктер белдеулерін
радиожиіліктерді (радиожиілік
арналарын) иелікке беру,
радиоэлектрондық құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
пайдалану, сондай-ақ азаматтық
мақсаттағы радиоэлектрондық
құралдардың электромагниттік
үйлесімділігін есептеуді жүргізу
қағидаларына 10-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті
Комитет телекоммуникаций Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат
РЖС N A/BB-CCC/DDDD
Берілді (заңды немесе жеке тұлғаның атауы)
Ұйымдастыру үшін: (радиобайланыс түрі)
Мынадай көрсеткіштері бар радиожиіліктерін пайдалануға рұқсат етіледі:
Р/с
№
Орнатылу пункті
Жабдық түрі
Тасымалдау жиіліктері, МГц
Қуат, Вт
Антеннаның іліну биіктігі, м
Ескертулер
Рұқсаттың қолданылу мерзімі: РЖС рұқсат бергені үшін алым төленетін жағдайларды қоспағанда, жыл сайынғы төлем төленген кезде келесі күнтізбелік жылға ұзартылады.
Берілген күні: 20___жылғы "__" __________________
Басшы ___________тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда).
ӨБЖН
Негіз
Қосымша ақпарат
Рұқсаттың қолданылу шарттары:
1. РЖС пайдалану рұқсаты Салық кодексіне сәйкес РЖС пайдаланғаны үшін жылдық төлемді төлеген жағдайда қолданыста болады.
2. РЖС рұқсаты Портал арқылы мемлекеттік бюджетке РЖС пайдаланғаны үшін жылдық төлемнің төленгенін растайтын құжатты тең бөліктермен ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей РЖС пайдаланушымен қоса ұсынған жағдайда келесі жылға автоматты түрде ұзартылады.
3. Аналогты сигнал арқылы қызметті жүзеге асыратын теле,-радио компаниялары, телерадио хабар тарататын операторлар, мемлекеттік бюджетке РЖС рұқсатын алуға алымды енгізеді және хабарлама негізінде Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік бюджетке төленгенін растайтын құжатты РЖС пайдалану орны бойынша аумақты бөлімшеге ұсынады.
4. РЖС рұқсаты:
1) РЭҚ және ЖЖҚ пайдаланудың басталғаны туралы хабарламаның болмаған және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аумақтық бөлімшелер жүргізетін радиожиілік спектрі мониторингінің нәтижелерімен расталатын радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) жыл бойы пайдаланбаған;
2) ұялы байланыс операторы РЖС рұқсатында көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындамаған;
3) әрбір елді мекенде және (немесе) радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатты алғаннан кейін екі жыл өткен соң пайдалану аумағында халықтың кемінде отыз пайызының байланыс қызметтеріне кең жолақты қолжетімділік беру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін техникалық инфрақұрылым болмаған жағдайларда қайтарып алынады.
5. РЭҚ және ЖЖҚ иелері "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
28-7 бабында көрсетілген талаптарды сақтауға міндетті.
Аумақта не қалалық немесе ауылдық елді мекендерде байланыс қызметтерімен, оның ішінде интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер.
р/с
Аумақ не қалалық және ауылдық елді мекендер
Мерзімі
1
2
3
1
4 Бұйрығына 4- қосымша
Жиіліктер белдеулерін радиожиіліктерді
(радиожиілік арналарын) иелікке беру,
радиоэлектрондық құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
пайдалану, сондай-ақ азаматтық
мақсаттағы радиоэлектрондық
құралдардың электромагниттік
үйлесімділігін есептеуді
жүргізу қағидаларына
12-қосымша
_______________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің
Телекоммуникациялар комитетінің өңіраралық байланыс инспекциясының бланкісі
20__ жылғы "__"_________ №___
Радиожиілік спектрін пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке ақы төлеуге
арналған хабарлама
Салық төлеушінің (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
атауы ___________________________________________________
ЖСН (бар болса) _________________________________________
БСН (бар болса) __________________________________________
Облысы _________________________________________________
Қаласы __________________________________________________
Ауданы __________________________________________________
Мекенжайы, телефоны ____________________________________
Р/с №
Радиобайланыс түрі (ақы төлеудің жылдық ставкасы)
Рұқсат №, берілген күні
Әкімшілік-аумақтық бірлік, халық саны
Ақы төлеудің жылдық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)
Радиожиілік спектрін пайдалану кезеңі, ай
Жылдық ақы төлеу сомасы
1
2
3
4
5
6
7
Барлығы төлеуге:
* Жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленеді.
Төлем коды 105309.
Төлемдік тапсырмалардың көшірмелерін байланыс саласындағы көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық органына (осы хабарламаның жазылу орны бойынша) тапсыру қажет.
Аумақтық бөлімшенің басшысы ____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы).
5 Сауда-саттыққа қатысуға өтінім
Бұйрығына 5- қосымша
Жиіліктер белдеулерін радиожиіліктерді
(радиожиілік арналарын)
иелікке беру, радиоэлектрондық
құралдар мен жоғары жиілікті
құрылғыларды пайдалану,
сондай-ақ азаматтық мақсаттағы
радиоэлектрондық құралдардың
электромагниттік үйлесімділігін
есептеуді жүргізу
қағидаларына 16-қосымша
Сауда-саттыққа қатысуға өтінім
1. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беру
(радиожиілік спектрін пайдалану құқығын беру)жөніндегі конкурсты
өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап:
(РЖС объектісінің атауы)
(аудан, облыс)
және жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беру
(радиожиілік спектрін пайдалану құқығын беру) жөніндегі конкурсты (немесе аукционды)
ұйымдастыру мен өткізу қағидаларымен танысқаннан кейін,
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
сауда - саттыққа қатысуға өтінім қабылдауды және 20__ жылғы «____» Мемлекеттік мүлік
Тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында (бұдан әрі-веб-портал)
өтетін сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркеуді сұраймыз.
2. Біз лот бойынша сауда-саттық нәтижелерін анықтағанға дейін Веб-портал
бұғаттайтын мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың
шотына сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарнаны енгіздік:
Р/с №
Лот атауы
Лот үшін кепілдік жарнаның сомасы, теңге
1
2
Жиыны
3. Қатысушыға қойылатын белгіленген талаптарға біздің сәйкес келмейтініміз және (немесе)
осы өтінімде мәлімделетін ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда біз сауда-саттыққа
қатысу құқығынан айырылатынымызға, ал сауда-саттықта жеңіске жеткен жағдайда біз қол
қойған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама жарамсыз деп танылатынына келісеміз,
кепілдік жарна қайтарылмайды.
4. Егер біз сауда-саттықтың жеңімпазы болған жағдайда, сауда-саттық өткізілетін күні оның
нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға міндеттенеміз және енгізілген кепілдік
жарнаның сомасы қайтарылмайтынына және республикалық бюджеттің кірісіне
жіберілетініне келісеміз.
5. Осы өтінімді берген күні бізде салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы
жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы мәлімдейміз.
6. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз және дұрыс емес мәліметтерді
ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз.
7. Ақпараттық жүйелерде және деректер базасында қамтылған, заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын біз туралы мәліметтерді пайдалануға келісеміз.
8. Өзіміз туралы мәліметтерді ұсынамыз:
Атауы_____________________________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі__________________________________________
Басшының тегі аты әкесінің аты (бар болған жағдайда)
___________________________________________________________________
Мекенжайы: ________________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: _____________________________________________
Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер:
Жеке сәйкестендіру коды ____________________________________________
Банктік сәйкестендіру коды __________________________________________
Банктің атауы ______________________________________________________
Бенефициар коды ___________________________________________________
Қатысушы 20__ жылғы "__"____сағат 00:00-де қол қойды және жіберді:
ЭЦҚ - дан алынған деректер
ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Ұйымдастырушы 20__ жылғы "__"_________сағат 00:00-де қабылдады:
ЭЦҚ - дан алынған деректер
ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты
Қатысушының аукциондық нөмірі
(сауда-саттық аяқталғаннан кейін көрсетіледі)