О внесении изменений в решение маслихата от 21 декабря 2015 года № 358 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 21 декабря 2015 года № 358 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 358 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 364
- Қабылданған күні
- 28.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2021 143340_541183.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NP009233
- ЭКБ идентификаторы
- 143340
- Редакция идентификаторы
- 143340_541183
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:19
0 Мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 358 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 358 шешіміне (2016 жылғы 22 қаңтарда «Науырзым тынысы» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6135 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушылар) беріледі;»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:
өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;
оқу орнының мүгедек баланы үйде оқу фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.
Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;».