Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в постановление акимата от 21 сентября 2015 года № 396 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области здравоохранения»

Қаулы · № 414 · қабылданған 23.08.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2015-no-396-ekb-114921/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении дополнения в постановление акимата от 21 сентября 2015 года № 396 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области здравоохранения» Күшін жойған Қаулы ·№ 414 ·23.08.2017
20.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в постановление акимата от 21 сентября 2015 года № 396 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области здравоохранения»

Күшін жойған Қаулы ·№ 414 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в постановление акимата от 21 сентября 2015 года № 396 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области здравоохранения»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
414
Қабылданған күні
23.08.2017
Көрсетілген редакция
20.01.2020 114921_440337.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17N0007222
ЭКБ идентификаторы
114921
Редакция идентификаторы
114921_440337
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:04

0 Әкімдіктің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5976 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.»;
жоғарыда көрсетілген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

4 «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Әкімдіктің
2017 жылғы 23 тамыздағы
№ 414 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің
2015 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 396 қаулысымен
бекітілген
«Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құжаттарды қабылдау және олардың нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші (тікелей жүгінген кезде) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

3

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы қол қойған немесе көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086/е нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің медициналық анықтамасы (бұдан әрі – Анықтама).
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде дәрігердің бос уақытын, көрсетілетін қызметті беруші дәрігерлерінің кестесіне сәйкес рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және клиникалық-зертханалық зерттеулерді таңдау мүмкіндігі ұсынылады.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1 1) медициналық қарап-тексеру кабинетінің мейірбикесі мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар топтамасын қарайды және көрсетілетін қызметті алушыны мамандарға жібереді, 15 (он бес) минут.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыны мамандарға жіберу;

2 2) мамандар құжаттар топтамасын қарайды, тексеруді жүргізеді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды және медициналық қарап-тексеру кабинетінің мейірбикесіне береді, 1 (бір) жұмыс күн ішінде.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;

3

3) медициналық қарап-тексеру кабинетінің мейірбикесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің тіркелуін мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында жүзеге асырады, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен растайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, 15 (он бес) минут.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) медициналық қарап-тексеру кабинетінің мейірбикесі;

2 2) мамандар.

7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1 1) медициналық қарап-тексеру кабинетінің мейірбикесі мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар топтамасын қарайды және көрсетілетін қызметті алушыны мамандарға жібереді, 15 (он бес) минут;

2 2) мамандар құжаттар топтамасын қарайды, тексеруді жүргізеді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды және медициналық қарап-тексеру кабинетінің мейірбикесіне береді, 1 (бір) жұмыс күн ішінде;

3

3) медициналық қарап-тексеру кабинетінің мейірбикесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің тіркелуін мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында жүзеге асырады, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен растайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, 15 (он бес) минут.

4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8 «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

8. Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Алдын ала міндетті медициналық
қарап- тексеруден өту» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
«Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту»
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қолданыстағы