Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 40 «Об утверждении Правил присвоения, повышения, подтверждения, снижения и снятия классной квалификации сотрудников и военнослужащих органов внутренних дел»

Бұйрық · № 181 · қабылданған 13.03.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2015-no-40-ekb-111404/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 40 «Об утверждении Правил присвоения, повышения, подтверждения, снижения и снятия классной квалификации сотрудников и военнослужащих органов внутренних дел» Күшін жойған Бұйрық ·№ 181 ·13.03.2017
16.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 40 «Об утверждении Правил присвоения, повышения, подтверждения, снижения и снятия классной квалификации сотрудников и военнослужащих органов внутренних дел»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 181 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 40 «Об утверждении Правил присвоения, повышения, подтверждения, снижения и снятия классной квалификации сотрудников и военнослужащих органов внутренних дел»
Атауы (қаз.)
«Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
181
Қабылданған күні
13.03.2017
Көрсетілген редакция
16.03.2018 111404_311540.kaz
Соңғы өзгеріс
16.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015017
ЭКБ идентификаторы
111404
Редакция идентификаторы
111404_311540
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:47

0 «Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10336 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларында:
3-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«I сыныпты маман-тәлімгер (шебер)» - «I сыныпты маман» сыныптық біліктілігі және құқық қорғау қызметінде мамандығы бойынша кемінде сегіз жыл жұмыс өтілі (тәжірибесі) бар, жас мамандарға, жаңадан тағайындалғандар қатарындағы қызметкерлерге тәлімгерлікті жүзеге асыратын, сондай-ақ осы Қағидалардың 32-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру даярлығының барлық түрлері бойынша шекті нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге.»;
58-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«I сыныпты маман – тәлімгер (шебер)» - «I сыныпты маман» сыныптық біліктілігі бар және құқық қорғау қызметіндегі мамандығы бойынша жұмыс өтілі (тәжірибесі) сегіз жылдан кем емес, жас мамандарға, жаңадан тағайындалғандар қатарындағы қызметкерлерге тәлімгерлікті жүзеге асыратын, сондай-ақ осы Қағидалардың 86-тармағындағы өлшемшарттарға сәйкес шекті нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге.»;
1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2-қосымшада:
жақын мамандықтары бойынша ІІО лауазымдарының тізбесінде:
1-тармақтың 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) ұйымдастырушылық-аналитикалық жұмыс бөліністері, бақылау, кадр жұмысы бөлімдері, штаб, арнайы даярлық бөліністері;
8) арнайы даярлық, жедел жоспарлау және арнайы мақсаттағы бөліністер;».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның көшірмелерін мемлекеттік және орыс тілдерінде баспа және электрондық түрде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді басылымдарда ресми жариялауға жолдауды;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5 5) он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Ішкі істер органдарында мамандықтарды белгілейтін блоктар бойынша лауазымдардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 13 наурыздағы
№ 181 бұйрығына
қосымша
Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларының
1-қосымшасы
Нысан
Ішкі істер органдарында мамандықтарды белгілейтін блоктар бойынша лауазымдардың тізбесі
Же­дел-із­де­сті­ру қыз­ме­ті
Тер­геу және же­дел-кри­ми­на­ли­сти­ка­лық қыз­мет
Әкім­ші­лік қыз­мет
Ақ­па­рат­тық-тех­ни­ка­лық қыз­мет
Қар­жы қыз­ме­ті
Тыл қыз­ме­ті
Аза­мат­тық қор­ғау
Же­дел бө­лі­ні­стер­дің бар­лық ла­у­а­зым­да­ры
Тер­геу, же­дел-кри­ми­на­ли­сти­ка­лық, әс­ке­ри-тер­геу, анық­тау бө­лі­ні­сте­рі­нің бар­лық ла­у­а­зым­да­ры
Шта­б­тық бө­лі­ні­стер­дің, кадр ап­па­рат­та­ры­ның, екін­ші ар­найы, ар­найы да­яр­лық бө­лі­ні­сте­рі­нің бар­лық ла­у­а­зым­да­ры
Ақ­па­рат­тық-ана­ли­ти­ка­лық,
тех­ни­ка­лық қыз­мет­тер­дің бар­лық ла­у­а­зым­да­ры
Қар­жы­мен қам­та­ма­сыз ету және іш­кі ба­қы­лау бө­лі­ні­сте­рі­нің бар­лық ла­у­а­зым­да­ры
Тыл­дық қам­та­ма­сыз ету, ІІД ғи­ма­рат­та­рын кү­зе­ту бой­ын­ша по­ли­ция взвод­та­ры бө­лі­ні­сте­рі­нің бар­лық ла­у­а­зым­да­ры
Аза­мат­тық қор­ғау ор­ган­да­ры бө­лі­ні­сте­рі­нің ла­у­а­зым­да­ры
Қо­ғам­дық тәр­тіп­ті сақ­тау
Ар­найы мақ­сат­та­ғы бө­лі­ні­стер
Бі­лім бе­ру қыз­ме­ті
Ки­но­ло­ги­я­лық қыз­мет
Қыл­мыстық-ат­қа­ру қыз­ме­ті
Же­дел-жос­пар­лау
Әкім­ші­лік, кө­ші-қон по­ли­ци­я­сы, бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның
оқу-сап­тық бө­лі­ні­сте­рі­нің бар­лық ла­у­а­зым­да­ры
Сұң­қар» АМЖ, «Ар­лан» АМБ, «ЖҚАЖ» бө­лі­ні­сте­рі­нің бар­лық ла­у­а­зым­да­ры
Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры ның ғы­лы­ми-оқы­ту­шы­лық құ­ра­мы
Ки­но­ло­ги­я­лық қыз­мет бө­лі­ні­сте­рі­нің ла­у­а­зым­да­ры
Қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі бө­лі­ні­сте­рі­нің ла­у­а­зым­да­ры
Же­дел-жос­пар­лау, ЖЖО, ке­зек­ші бө­лім­дер бө­лі­ні­сте­рі­нің бар­лық ла­у­а­зым­да­ры

Қолданыстағы