Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 апреля 2015 года № 472 "Об утверждении положений о Государственной комиссии по запасам полезных ископаемых Республики Казахстан и межрегиональных комиссиях по запасам полезных ископаемых"

Бұйрық · № 539 · қабылданған 05.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2015-no-472-ekb-105810/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 апреля 2015 года № 472 "Об утверждении положений о Государственной комиссии по запасам полезных ископаемых Республики Казахстан и межрегиональных комиссиях по запасам полезных ископаемых" Күшін жойған Бұйрық ·№ 539 ·05.07.2016
29.06.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 апреля 2015 года № 472 "Об утверждении положений о Государственной комиссии по запасам полезных ископаемых Республики Казахстан и межрегиональных комиссиях по запасам полезных ископаемых"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 539 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 апреля 2015 года № 472 "Об утверждении положений о Государственной комиссии по запасам полезных ископаемых Республики Казахстан и межрегиональных комиссиях по запасам полезных ископаемых"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
539
Қабылданған күні
05.07.2016
Көрсетілген редакция
29.06.2018 105810_676034.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014173
ЭКБ идентификаторы
105810
Редакция идентификаторы
105810_676034
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:29

0 «Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 11200 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде 46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. ҚР ҚМК пленарлық отырысының хаттамасы отырыс өткен күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде әзірленеді. Хаттамада Сараптамаға ұсынылған есептің материалдары туралы мәліметтер, сараптама барысында анықталған ескертулер, ҚР ҚМК шешімі және олардың ұсыныстары қамтылады.
ҚР ҚМК пленарлық отырысының қорытындысы бойынша хаттамада мынадай индекстердің бірінде шешім көрсетіледі:
барлау жөніндегі жұмыстары аяқталмаған жер қойнауының учаскелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған аралық есептердің қорытындылары бойынша:
«П» индексі, алдын-ала бағаланған пайдалы қазбалар қорының көлемі назарға алынды дегенді білдіреді;
бағалау жұмыстарын жүргізу нәтижесі бойынша жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған қорытынды есеп бойынша:
«У» индексі, пайдалы қазбалар қоры бекітілгенін және Мемлекеттік теңгерімге қоюға тиіс екенін білдіреді.
ҚР ҚМК пленарлық отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап «У» индексі бар тиімді (шығарып алынатын) қорлар бойынша коммерциялық табу расталған деп есептеледі.».

2

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Нұрабаев Б.К.) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 6 ай ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың тиісті өтініштері бойынша «Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ереженің 46-тармағына сәйкес қорларды есептеу жөніндегі бұрын қабылданған шешiмдерді индекстерді беру бөлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен қайта рәсімдеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
____________ Қ. Бозымбаев
2016 жылғы 01 тамыз

Қолданыстағы