О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 апреля 2015 года № 472 «Об утверждении положений о Государственной комиссии по запасам полезных ископаемых Республики Казахстан и межрегиональных комиссиях по запасам полезных ископаемых»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 апреля 2015 года № 472 «Об утверждении положений о Государственной комиссии по запасам полезных ископаемых Республики Казахстан и межрегиональных комиссиях по запасам полезных ископаемых»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 527
- Қабылданған күні
- 20.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 20.07.2023 184245_643463.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033150
- ЭКБ идентификаторы
- 184245
- Редакция идентификаторы
- 184245_643463
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:47
0
«Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11200 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жызылсын:
«2) пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережеде:
7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 34-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы құзыретті орган қолданыстағы келісімшартқа тиісті өзгерістер енгізгенге дейін келісімшарттық талаптарда айтылған жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу мерзімдерін бұзған жағдайда, сараптамаға ұсынылған есептерді кері қайтарады;»;
22 және 23-тармақтар алынып тасталсын;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Жер қойнауын пайдаланушы сараптамаға:
есепті қағаз және элетрондық тасығышта бір данада;
есепке авторлық анықтамаларды – бір данада жібереді.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Жер қойнауын пайдаланушы тәуелсіз сарапшылардың қорытындыларын алғаннан және комиссияның жауапты мүшелері есепті зерделегеннен кейін жер қойнауын пайдаланушы өкілдерінің, есепті орындаушылардың, тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен ҚӨК жұмыс отырысы өткізіледі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі