Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 апреля 2015 года № 478 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Заключение инвестиционного контракта на реализацию инвестиционного проекта, предусматривающего осуществление инвестиций и предоставление инвестиционных преференций»

Бұйрық · № 11-1-4/595 · қабылданған 12.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2015-no-478-ekb-135961/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 апреля 2015 года № 478 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Заключение инвестиционного контракта на реализацию инвестиционного проекта, предусматривающего осуществление инвестиций и предоставление инвестиционных преференций» Күшін жойған Бұйрық ·№ 11-1-4/595 ·12.11.2019
01.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 апреля 2015 года № 478 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Заключение инвестиционного контракта на реализацию инвестиционного проекта, предусматривающего осуществление инвестиций и предоставление инвестиционных преференций»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 11-1-4/595 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 апреля 2015 года № 478 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Заключение инвестиционного контракта на реализацию инвестиционного проекта, предусматривающего осуществление инвестиций и предоставление инвестиционных преференций»
Атауы (қаз.)
«Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 478 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11-1-4/595
Қабылданған күні
12.11.2019
Көрсетілген редакция
01.06.2020 135961_465327.kaz
Соңғы өзгеріс
01.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019586
ЭКБ идентификаторы
135961
Редакция идентификаторы
135961_465327
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:54

0

«Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 478 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11216 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті:

1 1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

0 «Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2019 жылғы « » __________
№ __ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 21 сәуірдегі
№ 478 бұйрығымен
бекітілген
«Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді
көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт
жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. «Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Инвестициялар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады;

2 2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал).

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1 1) Мемлекеттік корпорацияға:

құжаттар топтамасы берілген сәттен бастап, инвестициялық субсидия беруді қоспағанда – 35 (отыз бес) жұмыс күні;
инвестициялық субсидия «Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 қаулысымен белгіленген тәртіпте және мерзімде беріледі;
құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

2 2) порталда:

құжаттар топтамасы берілген сәттен бастап - 27 (жиырма жеті) жұмыс күні;
инвестициялық субсидия Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 қаулысымен бекітілген мерзімде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі басып шығарылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды немесе қағаз түрінде.

6

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға келісімшарт жасасу немесе осы мемлекетік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы жазбаша нысанда уәжді түрдегі жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды немесе қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

8 8. Жұмыс кестесі:

1 1) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғандағы аралықта, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электронды кезек» тәртібінде жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті брондауға болады;

2

2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Мемлекеттік корпорацияға:

1 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде инвестициялық преференциялар беруге өтінім;

2 2) көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3 3) заңды тұлға басшысының қолымен расталған көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі;

4 4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;

5 5) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мемлекеттік заттай гранттың мөлшерін (құнын) растайтын құжаттар (заттай грантты бағалау);

6 6) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік заттай грантты жергілікті атқарушы органмен алдын ала келісу;

7

7) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім салықтар бойынша преференциялар және (немесе) инвестициялық субсидиялар беруді көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 64-1-бабында белгіленген тәртіппен заңды тұлға басшысының қолымен расталған жобалау алдындағы және (немесе) жобалау құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың көшірмесін түпнұсқасымен салыстырады, одан кейін құжаттардың түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғаулатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық талап етілетін құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру өкілі жеке басын оның өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
порталға:

1 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған инвестициялық преференциялар беруге өтінімнің электронды көшірмесі;

2 2) заңды тұлға басшысының ЭЦҚ куәландырылған қызметті алушының жарғысының электронды көшірмесі;

3 3) қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспарының электронды көшірмесі;

4 4) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мемлекеттік заттай гранттың мөлшерін (құнын) растайтын құжаттардың (заттай грантты бағалау) электронды көшірмелері;

5 5) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, мемлекеттік заттай грантты жергілікті атқарушы органмен алдын ала келісудің электронды көшірмесі;

6

6) көрсетілетін қызметті алушы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 64-1-бабында белгіленген тәртіппен заңды тұлға басшысының ЭЦҚ куәландырылған жобалау алдындағы және (немесе) жобалау құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы (егер инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім салықтар бойынша преференциялар және (немесе) инвестициялық субсидиялар беруді көздеген жағдайда).
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

1 1) Мемлекеттік корпорацияда дайын нәтижелерді беру өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттарды және оның өкілеттіктерін көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;

2 2) портал арқылы-көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

10 10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:

1 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 292-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3 3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органдардың теріс жауабы.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның лауазымды адамдардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

11

11. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның немесе оның қызметкерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойнша көрсетілетін қызмет беруші басшысының атына, Министрлік басшысының атына не Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорациясының кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымның қабылданғандығын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) оны тіркеу болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14 және 16 тармақтарында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.
Мемлекеттік корпорацияға қолма-қолда, поштамен де келіп түскен шағымның қабылданғандығын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
Шағымды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау нәтижелері бойынша жауап немесе қараудан бас тарту).
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді түрдегі жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңсе арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

12 12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электронды түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

13

13. Тұрмыс – тіршілігін шектейтін организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар үшін қажет болған жағдайда, 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1 1) Министрліктің www.mid.gov.kzwww.mid.gоv.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлімінде;

2 2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz. интернет-ресурстарында орналастырылған.

15 15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

16 16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғайбайланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

0.1 Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiм

«Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
нысан
Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiм
1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­ды тұл­ға­сы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
1.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­ды тұл­ға­сы­ның ата­уы
2.
Тұр­ған же­рі: заң­ды ме­кен­жайы және нақ­ты тұр­ған же­рі
3.
Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (БСН)
4.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­ды тұл­ға­сы­ның бас­шы­сы
______________________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған кез­де)
_____________________________________
(те­ле­фон, факс, элек­трон­дық по­шта­сы)
5.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­ды тұл­ға­сы­ның бас бух­гал­те­рі
______________________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған кез­де)
_____________________________________
(те­ле­фон, факс, элек­трон­дық по­шта­сы)
6.
Ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ның ме­не­дже­рі
______________________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған кез­де)
______________________________________
(те­ле­фон, факс, элек­трон­дық по­шта­сы)
2. Ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
7.
Ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ның ата­уы
_______________________________________
8
Ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ны іс­ке асы­ру ор­ны (об­лыс, аудан, қа­ла)
9.
Ин­ве­сти­ци­я­лау үшін таң­дал­ған қыз­мет­тің ба­сым тү­рі(ле­рі) (эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­у­ші сы­нып­та­ры­ның дең­гей­ін­де)
_______________________________________
10.
Қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын есеп­ке ал­май заң­ды тұл­ға­ның тір­кел­ген ак­тив­тер­ге ин­ве­сти­ци­я­лар­дың кө­ле­мі (тір­кел­ген ак­тив шы­ғын­да­ры пай­да­ла­ну­ға берiл­ген­ге дей­iн ин­ве­сти­ци­я­лық пре­фе­рен­ци­я­лар­ды бе­ру­ге ар­нал­ған өті­нім­ді бер­ген күн­ге дей­ін
24 ай­дан соң ес­ке­рі­ле­ді)
_______________________________________
(тең­ге)
11.
Жо­ба­ны қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі, мы­на­лар­дың:
1) мен­шік қа­ра­жа­тың
2) қарыз қа­ра­жа­тың
3) бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның бо­луы
1)_____________________________________
(мен­шік қа­ра­жа­ты­ның бо­луын рас­тай­тын құ­жат­тың ата­уы, №, кү­ні)
2) ____________________________________
(жо­ба­ны қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рін бел­гі­лей­тін
құ­жат­тың ата­уы, №, кү­ні, кре­ди­тор)
3) ____________________________________
(бюд­жет қа­ра­жат­та­рын қар­жы­лан­ды­ру­ды
рас­тай­тын құ­жат­тың ата­уы, №, кү­ні)
3. Жо­ба­ны іс­ке асы­ру үшін та­лап еті­ле­тін ин­ве­сти­ци­я­лық пре­фе­рен­ци­я­лар*
12.
Мы­на­лар­ды:
1) тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың, оның жи­нақ­та­уы­шта­ры­ның;
2) тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­қа қо­сал­қы бөл­шек­тер­дің, ши­кі­зат пен ма­те­ри­ал­дар­дың им­пор­ты ке­зін­де ке­ден баж­да­рын са­лу­дан боса­ту
1) _______________________________
(же­ңіл­де­ті­л­ген со­ма)
2) _____________________________
(же­ңіл­де­ті­л­ген со­ма)
12-1
Ши­кі­заттар­дың және (неме­се) ма­те­ри­ал­дар­дың им­пор­ты ке­зін­де қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын тө­ле­уден боса­ту
____________________________________
(же­ңіл­де­ті­л­ген со­ма)
13.
Ке­ден­дік та­зар­ту­ды жүр­гі­зу ор­ны
14.
Мем­ле­кет­тік заттай грант
_______________________________________
(на­рық құ­ны)
__________________________________
(ал­дын ала ке­лі­су­ді рас­тай­тын құ­жат­тар)
15.
Жер са­лы­ғы бой­ын­ша же­ңіл­дік­тер**
________________________________
(шар­ттық со­ма­сы)
16.
Мү­лік са­лы­ғы бой­ын­ша же­ңіл­дік­тер**
________________________________
(шар­ттық со­ма­сы)
17.
Кор­по­ра­тив­тік та­быс са­лы­ғы бой­ын­ша же­ңіл­дік­тер***
________________________________
(шар­ттық со­ма­сы)
18.
Ин­ве­сти­ци­я­лық суб­си­дия**
____________________________
(мың. тең­ге)
қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын және ак­ц­и­з­дер­ді есеп­ке ал­май, құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­ры­на және жаб­дық­ты са­тып алу­ға шы­ғын­ды­ру со­ма­сы көр­се­ті­ле­ді
19.
Ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші­нің са­ны***, оның ішін­де (ин­ве­сти­ци­я­лық пре­фе­рен­ци­я­лар­ды ұсы­ну­ға ар­нал­ған өті­нім­ге қо­сым­ша­ға сәй­кес):
1) бас­шы­лар,
2) жо­ға­ры бі­лі­мі бар ма­ман­дар,
3) бі­лік­ті жұ­мыс­шы­лар
1) _____________________________
(адам са­ны)
2) _____________________________
(адам са­ны)
3) ____________________________
(адам са­ны)
Ескертпе:
* қажеттілігіне карай толтырылады;
** жаңа өндірісті құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлға үшін арналған;
*** жаңа өндірісті құру, сондай-ақ қолданыстағы өндірісті кеңейту және (немесе) жаңарту (реконструкциялау, жаңғырту) бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлғаға арналған

4 4. Инвестициялық жоба бойынша жұмыс бағдарламасы

______________________________________________________________
(атауы)
Инвестордың атауы: ___________________________
1-бө­лім: тір­кел­ген ак­тив­тер­ге ин­ве­сти­ци­я­лар, мың тең­ге
Шы­ғын бап­та­ры
Тір­кел­ген ак­тив­тер­ді пай­да­ла­ну­ға ен­гі­зу кү­ні
Күн­тіз­бе­лік жыл
Бар­лығы
1-жар­ты­жыл­дық
2-жар­ты­жыл­дық
жыл бой­ын­ша жиы­нын­да
1-бө­лім бой­ын­ша жиы­нын­да:
2-бө­лім: тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­қа қо­сал­қы бөл­шек­тер, ши­кі­зат және ма­те­ри­ал­дар им­пор­ты, са­ны
Шы­ғын бап­та­ры
Өл­шем бір­лі­гі
Иге­ру ке­зе­ңі
Бар­лығы
1-жар­ты­жыл­дық
2-жар­ты­жыл­дық
жыл бой­ын­ша жиы­нын­да
1. Қо­сал­қы бөл­шек­тер, оның ішін­де:
2. Ши­кі­зат, ма­те­ри­ал­дар, оның ішін­де:
2-бө­лім бой­ын­ша жиы­ны:
3-бө­лім. Өн­ді­рі­стік көр­сет­кіш­тер, заттай кө­рі­ні­сте­гі са­ны
№ р/н
Та­у­ар­лар­дың жұ­мыстар мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ата­уы
Күн­тіз­бе­лік жыл
Бар­лы­ғы
1-жар­ты­жыл­дық
2-жар­ты­жыл­дық
Жыл бой­ын­ша жиы­нында
3-бө­лім бой­ын­ша жиы­ны

5 5. Кеден одағының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден баждарын салудан босатылатын, импортталатын технологиялық жабдық пен оның жиынтықтауыштарының, қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың тізімі және көлемі*.


Ата­уы
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық ода­ғы­ның сырт­қы эко­но­ми­ка­лық ко­мис­си­я­сы­ның та­у­ар­лық но­мен­кла­ту­ра­сы- ЕА­ЭО СЭҚ ТН
Өл­шем
бір­лі­гі
Са­ны
Та­у­ар­лар­ды бір­дей жік­те­у­ге мүм­кін­дік бе­ре­тін құ­жат­тар*
1.
Жиы­ны
Ескертпе:
* қажеттілігіне қарай болған жағдайда толтырылады;
** тауарларды жіктеу іштері бойынша ақпарат тауарлардың толық коммерциялық атауын, фирмалық атауын, негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын және бұйымдардың фотосуреттерін, суреттерін, сызбаларын, паспорттарын, және өтінім берген заңды тұлға басшысының қолымен расталған құжаттарды қамтуы тиіс.

6 6. Инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінінің 286-бабының 5-тармағының талаптарын қамтылған сақтаған кезде беріледі.

_______________________________________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
___________________________________
(қолы, және күні)

0.1.1 Тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер

Инвестициялық
преференцияларды беруге
арналған өтінімге
қосымша
нысан
Тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер

Те­гі, аты, әке­сі­нің аты, (оның ішін­де ла­тын әріп­те­рі­мен)
Туы­л­ған кү­ні
Аза­мат­тығы/ тұр­ғы­лық­ты елі
Пас­пор­ты­ның нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні мен бер­ген ор­ган (же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат)
Тар­ту ке­зе­ңі (ай, жыл)
___________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
________________________
(қолы және күні)

0.2 Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар

«Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша
талаптар

1 1. Бизнес-жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:

1 1) жобаның түйіндемесі;

2 2) технологиялық бөлім;

3 3) коммерциялық бөлім;

4 4) әлеуметтік-экономиялық және экологиялық ықпалы*;

5 5) қаржылық бөлім*.

2 2. Жобаның түйіндемесі өзіне мыналарды қамтиды:

1 1) заңды тұлға туралы ақпарат:

елді көрсете отырып, шетелдік қатысу үлесі;
квазимемлекеттік сектордың қатысу үлесі;

2 2) жоба бойынша ақпарат:

жобаның атауы;
жобаның мақсаты;
болжанатын инвестициялық жобаның сипаты (жаңа өндірістерді құру, жұмыс істеп тұрғандарды кеңейту және жаңарту);
құрылатын жаңа жұмыс орындарының (уақытша және тұрақты) саны;
экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішісіне сәйкес шығарылатын өнімнің номенклатурасы (ҚР ЭҚТӨЖ);

3 3. Технологиялық бөлім өзіне мыналарды қамтиды;

1 1) технологиялық процесте сатып алынатын және қолданатын тіркелген активтерді, сондай-ақ импортталатын шикізат пен материалдарды көрсете отырып, инвестициялық жоба технологиясының сипаттамасы;

2 2) инвестициялық жобадағы қазіргі заманғы технологиялардың қолданылуы;

3 3) бизнес-жоспарды жасау бойынша талаптарға 1-қосымшаға сәйкес техникалық және құндық сипаттамалары бойынша импортталатын шикізат пен материалдардың салыстырмалы талдауы;

4 4. Коммерциялық бөлім өзіне мыналарды қамтиды:

1 1) шикізатты, материалдар мен жабдықтарды жеткізу:

пайдаланатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;
пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, инвестициялық жоба шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігінің өндірісіне импортталатын шикізат пен материалдар шығыстарының орташа нормасы (технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың импорты кезінде кеден баждарын төлеуден босату, сонымен қатар шикізат пен (немесе) материалдардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босату кезінде толтырылады);
қажетті технологиялық жабдықтардың тізбесі;
технологиялық жабдықтың жаңалығы (жабдықтың шығарылған күні мен моделі);
инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді ұсынған заңды тұлғамен шарттық қатынастың бар болуын көрсете отырып, технологиялық жабдық пен шикізатты берушілер;

2 2) маркетинг:

өнімді өткізу - қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдегі қай елдерге беру болжанатынын, нарықта ұқсас, өзара алмастырушы немесе өзара толықтырушы тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің бар екенін көрсету;

5 5. Әлеуметтік-экономиялық ықпалету өзіне мыналарды қамтиды:

1 1) инвестициялық жобаның тікелей қатысушылары:

жобаны құрушы, бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздену және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы, жабдықты беруші, шикізат пен материалдарды беруші, делдалдар;

2 2) бизнес-жоспарды жасау бойынша талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны);

3 3) тартылатын шетелдік жұмыс күшінің функционалды міндеттемелерін бөлу (инвестициялық басым жобаларды іске асырған кезде толтырылады) *;

4 4) бизнес-жоспарды жасау бойынша талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы*;

5 5) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде күтілетін әлеуметтік әсер.

6 6. Қаржы бөлімі өзіне мыналарды қамтиды:

1 1) инвестициялық жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:

меншік қаражаты;
қарыз қаражаты (кредиттер немесе тартылған шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты) және/немесе грант;
бюджеттік қаражат;

2 2) қаржылық талдау:

инвестициялық преференцияларды есепке алмай және тиісті инвестициялық преференцияларды есепке ала отырып, модельдерді есептеуді қамтитын жобаның қаржылық моделі;
жобаның өмірлік циклі ішінде таза дисконттық кіріс (NPV);
жобаның өмірлік циклі ішінде түсімдердің ішкі нормасы;
жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі (қарапайым және дисконттық);
табыстың қарапайым нормасы (рентабельділігі);
бизнес-жоспарды жасау бойынша талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі.

7 7. Бизнес-жоспарды тігу және нөмірлеу, заңды тұлғаның бірінші басшысының қолымен расталуы қажет.

Ескертпе:
*инвестициялық жобаны іске асыратын заңды тұлғалар толтырмайды.

0.2.1 Техникалық және құндық сипаттамалары бойынша импортталатын шикізат пен материалдарды салыстырмалы талдау

Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
1-қосымша
нысан
Техникалық және құндық сипаттамалары бойынша импортталатын
шикізат пен материалдарды салыстырмалы талдау
Та­у­ар
дың ата­уы
Тех­ни­ка­лық си­па­ты
Құн­дық си­па­ты
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка
сын­да
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық ода­ғы­ның ел­де­рін­де
Бас­қа ел­дер­де
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық ода­ғы­ның ел­де­рін­де
Бас­қа ел­дер­де

0.2.2 Жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны)

Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
2-қосымша
нысан
Жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны)
Құ­ры­лыс ке­зе­ңін­де
Пай­да­ла­ну­ға ен­гіз­ген­нен кей­ін (1 жыл)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры
Ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры
Ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші

0.2.3 Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы

Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
3-қосымша
нысан
Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы
Р/с №
Кә­сіп­тің ата­уы
Бі­лік­ті­лік дең­гейі
(та­риф­тік раз­ря­ды, са­на­ты)
Са­ны

0.2.4 Республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі

Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
4-қосымша
нысан
Республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар
мен кірістердің есебі
Бюд­жет­ке мін­дет­ті тө­лем­дер
дің түр­ле­рі
Күн­тіз­бе­лік жыл
Жиы­ны
пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­ке ал­май бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­ке ал­ған­да бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­ке ал­май бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
пре­фе­рен­ци­я­лар
ды есеп­ке ал­ған­да бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
Кор­по­ра­тив­тік та­быс са­лы­ғы
Мү­лік са­лы­ғы
Жер са­лы­ғы
Ке­ден­дік баж са­лы­ғы
Әле­умет­тік са­лық
Зей­не­та­қы тө­лем­де­рі

0.3 Қызметті алушыдан жазбаша түрде келісімі

«Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-Қосымша
нысан
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі,
аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
немесе ұйымының атауы)
_________________________________
_________________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Қызметті алушыдан жазбаша түрде келісімі
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін (келісемін)
___________________ «__» ____ жыл
(қолы)

0.4 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-Қосымша
нысан
(Көрсетілетін қызметті алушының
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
кезде) (бұдан әрі- ТАӘ) немесе
ұйымының атауы)
__________________________
__________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда ___________________________________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Жоқ құжаттардың атауы:

1 1) __________________________________________________________;

2 2) __________________________________________________________;

3 3) …

Осы қолхат тараптардың әрқайсысына бір данадан берілетін 2 данада жасалды.
____________________________________________ ________________
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің) (қолы)
Орындаушы. Т.А.Ә._____________
Телефоны__________
Алдым: ______________________ __________________________________
Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 ___ жылғы «___» ________________

Қолданыстағы