О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 21 августа 2015 года № 5С-40/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Буландынского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 21 августа 2015 года № 5С-40/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Буландынского района»
- Атауы (қаз.)
- Бұланды аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/3 «Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгірістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С-2/6
- Қабылданған күні
- 19.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 11.02.2020 101938_443437.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BG005302
- ЭКБ идентификаторы
- 101938
- Редакция идентификаторы
- 101938_443437
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:32
0 Бұланды аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/3
«Бұланды ауданында әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгірістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Бұланды аудандық мәслихаттың «Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 21 тамызындағы № 5С-40/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4978 тіркелген, 2015 жылғы 2 қазанында «Бұланды таңы» газетінде және 2015 жылғы 2 қазанында «Вести Бұланды жаршысы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
8 тармақшаның 2 тармағының 1 бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:
«8) уәкілетті орган – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы»;
3 тармағының 1 бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Осы қағидалар Бұланды ауданының аумағында тұрақты тұратын және тіркелген тұлғаларға таралады».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бұланды ауданының әкімі
К. Испергенов
19 сәуір 2016 жыл