О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 21 августа 2015 года № 5С-40/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Буландынского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 21 августа 2015 года № 5С-40/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Буландынского района»
- Атауы (қаз.)
- Бұланды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/3 «Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С-5/3
- Қабылданған күні
- 11.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 11.02.2020 105971_443435.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BG005517
- ЭКБ идентификаторы
- 105971
- Редакция идентификаторы
- 105971_443435
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:06
0 Бұланды аудандық мәслихатының
2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/3
«Бұланды ауданында әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Бұланды аудандық мәслихаттың «Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4978 тіркелген, 2015 жылғы 2 қазанында «Бұланды таңы» газетінде және 2015 жылғы 2 қазанында «Вести Бұланды жаршысы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) 1 бөлімнің 2 тармағының 8 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«8) уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Бұланды аудандық бөлімшесі;»;
2 2) 3 бөлімнің 18 тармағының 5 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«5) Ақмола облысының төтенше жағдайлар Департаменті Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімінен анықтама, өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті және/немесе құжатты ұсынады.»;
3 3) 3 бөлімнің 28 тармағы алынып тасталсын.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бұланды ауданының әкімі
Қ. Испергенов
11 тамыз 2016 жыл