Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Экибастуза от 21 января 2015 года № 63/1 «Об организации общественных работ в городе Экибастузе на 2015 год»

Қаулы · № 355/4 · қабылданған 03.04.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2015-no-631-2015/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Экибастуза от 21 января 2015 года № 63/1 «Об организации общественных работ в городе Экибастузе на 2015 год» Қолданыста Қаулы ·№ 355/4 ·03.04.2015
03.04.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Экибастуза от 21 января 2015 года № 63/1 «Об организации общественных работ в городе Экибастузе на 2015 год»

Қолданыста Қаулы ·№ 355/4 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Экибастуза от 21 января 2015 года № 63/1 «Об организации общественных работ в городе Экибастузе на 2015 год»
Атауы (қаз.)
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы «Екібастұз қаласында 2015 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 63/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
355/4
Қабылданған күні
03.04.2015
Көрсетілген редакция
03.04.2015 89389_75772.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15PC004453
ЭКБ идентификаторы
89389
Редакция идентификаторы
89389_75772
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:37

0 Екібастұз қаласы әкімдігінің

2015 жылғы 21 қаңтардағы
«Екібастұз қаласында 2015 жылға
қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы» № 63/1
қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» № 836 қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесіне сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы «Екібастұз қаласында 2015 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 63/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 4288 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпандағы № 5 (1255) «Отарқа» және № 5 (3067) «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған) (бұдан әрі–қаулы) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «16», «17», «18» жолдарымен толықтырылсын;
қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «16», «17», «18» жолдарымен толықтырылсын;
2-қосымшасындағы 1-жолында «Сұраныс (жұмыс орындарының жарияланған қажеттілігі)» 3, «Ұсыныс (жұмыс орындары бекітілді)» 4 –

бағандарында «50» сандары «60» сандарымен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 2015 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және нақты жағдайлары, еңбекақы төлемінің мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi

Екібастұз қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «3» сәуірдегі
№ 355/4 қаулысына
1-қосымша
2015 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және нақты жағдайлары, еңбекақы төлемінің мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi
№ р/р
Ұйымдар тізбесі
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Қоғамдық жұмыстардың көлемi және нақты жағдайлары
Қатысушылар дың еңбекақы төлемінің мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi
1
2
3
4
5
16.
«Павлодар облыстық наркологиялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Қоғамдық науқандарды, қоғамдық пікір сауалнамаларын ұйымдастыруға, өткізуге көмек көрсету.
Мәдени-бұқаралық маңызы бар іс-шаралар
Парақшалар, анықтамалар тарату – жылына 699 дана,
жасырын сауалнамалар жүргізу – айына 25 дана,
шақыру қағаздарын тарату – айына 699 дана.
Икемді жұмыс кестесімен 8 сағаттық жұмыс күні, жұмыс уақытының ұзақтығы – бір аптада
40 сағаттан аспайды
2015 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген
ең төменгі жалақы, жергілікті бюджет
17.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттамалармен жұмыс
Құжаттарды ресімдеуде техникалық көмек көрсету,
курьерлік жұмыс
- айына 1500 дана.
Икемді жұмыс кестесімен 8 сағаттық жұмыс күні, жұмыс уақытының ұзақтығы – бір аптада
40 сағаттан аспайды
2015 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген
ең төменгі жалақы, жергілікті бюджет
18.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттамалармен жұмыс
Құжаттарды ресімдегенде техникалық көмек көрсету,
курьерлік жұмыс
- айына 500 дана.
Икемді жұмыс кестесімен 8 сағаттық жұмыс күні, жұмыс уақытының ұзақтығы – бір аптада
40 сағаттан аспайды
2015 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген
ең төменгі жалақы, жергілікті бюджет

5 2015 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

Екібастұз қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «3» сәуірдегі
№ 355/4 қаулысына
2 - қосымша
2015 жылға қоғамдық жұмыстарға
сұраныс пен ұсыныс
№ р/р
Ұйымдар тізбесі
Сұраныс (жұмыс орындарының жарияланған қажеттілігі)
Ұсыныс (жұмыс орындары бекітілді)
1
2
3
4
16.
«Павлодар облыстық наркологиялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
3
3
17.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
8
8
18.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі
5
5

Қолданыстағы