Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 21 июля 2015 года № 7-1/678 «Об утверждении Правил регистрации лазерных станций, изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и производителей»

Бұйрық · № 304 · қабылданған 06.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2015-no-7-1678/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 21 июля 2015 года № 7-1/678 «Об утверждении Правил регистрации лазерных станций, изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и производителей» Қолданыста Бұйрық ·№ 304 ·06.10.2020
06.10.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 21 июля 2015 года № 7-1/678 «Об утверждении Правил регистрации лазерных станций, изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и производителей»

Қолданыста Бұйрық ·№ 304 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 21 июля 2015 года № 7-1/678 «Об утверждении Правил регистрации лазерных станций, изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и производителей»
Атауы (қаз.)
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
304
Қабылданған күні
06.10.2020
Көрсетілген редакция
06.10.2020 147130_485670.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021371
ЭКБ идентификаторы
147130
Редакция идентификаторы
147130_485670
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:28

0

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11926 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 38-2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

1 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 6 қазаны № 304
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 21 шілдедегі
№ 7-1/678 бұйрығымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 38-2) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу тәртібін, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар (бұдан әрі – атрибуттар) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын құрал-саймандар мен аспаптар;

2 2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) (бұдан әрі – бұйымдар (құралдар)) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын сырғалар (аспалы, радиожиілік белгісі бар), болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар);

3 3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) таңбалау жөніндегі лазерлік станция (бұдан әрі – лазерлік станция) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) жеке нөмір салуды жүзеге асыратын ұйым;

4 4) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі – жеке нөмірлер эмиссия) – ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің бірізді нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша бөлу;

5 5) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - ветеринария саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

6 6) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган ведомоствосы (бұдан әрі ─ ведомоство) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;

7

7) жеке кабинет – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу рәсімдерін жүзеге асыру, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталында орналастырылған автоматты хабарламалар мен ақпаратты алу үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының автоматтандырылған жұмыс орны;

8 8) процессингтік орталық – функцияларын Заңға сәйкес жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;

9 9) тіркеу – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар) және атрибуттар және оларды өндірушілер туралы ақпаратты жеке нөмірлердің эмиссиясы жөніндегі дерекқорға енгізу рәсімі;

10

10) жеке нөмірлердің эмиссиясы жөніндегі дерекқор – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін тіркелген лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар) және атрибуттар және оларды өндірушілер туралы мәліметтерді қамтитын ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері эмиссиясының автоматтандырылған жүйесі;

11

11) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

12 12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті процессинг орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) порталы арқылы көрсетеді.

4

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лазерлік станцияларды тіркеуге өтініш, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (құралдарды) және оларды өндірушілерді тіркеуге өтініш, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеуге өтініш жібереді.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.

5

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ. мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

6 6. Өтініш берілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

7 7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және оны орындаушыны анықтау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

8. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген деректердің толықтығына, бұйымдардың (құралдардың) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында (бұдан әрі – Бірдейлендіру қағидалары) белгіленген нысандарға, мөлшерлеріне және сипаттамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы жеке нөмірлердің эмиссиясы жөніндегі дерекқорға ақпарат енгізу арқылы лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды), атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеуден өткені туралы хабарламаны не осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы тіркеу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда және Бірдейлендіру қағидаларында белгіленген нысандарға, мөлшерлеріне және сипаттамасына сәйкес келмеуі;

3 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.

10

10. Тіркелген лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар), атрибуттар және оларды өндірушілер туралы ақпарат осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үішн тіркелген лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар), атрибуттар және оларды өндірушілер тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) шоғырландырылады.

11 11. Көрсетілетін қызметті беруші жаңартылған Тізілімді уәкілетті органның интернет-ресурсында ақпаратты Тізілімге енгізген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде орналастырады.

12 12. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

13 13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші, ведомство, уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

14 14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

көрсетілетін қызметті беруші, ведомство, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

15 15. Көрсетілетін қызметті берушінің, ведомствоның, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

1 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

2 2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Шағымды қару мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілген қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

16 16. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

1.1 Лазерлік станцияларды тіркеуге өтініш

Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік станцияларды,
бұйымдарды (құралдарды) және
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
__________________ процессингтік орталыққа
(кімнен)_________________________________
________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,
жеке сәйкестендіру нөмірі /заңды тұлғаның атауы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы______________________________
Лазерлік станцияларды тіркеуге өтініш
____________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың
(құралдардың) жеке нөмiрін таңбалау бойынша лазерлік станцияның атауы)
__________________________________________________ тіркеуді сұраймын
Лазерлік станция туралы мәліметтер:
1) өндірушінің атауы__________________________________________________
____________________________________________________________________
2) моделі/маркасы_____________________________________________________
____________________________________________________________________
3) түрі_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
4) Қазақстан Республикасының аумағындағы өкілдің атауы, мекенжайы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5) өндіруші ел________________________________________________________
____________________________________________________________________
20__ жылғы « » _________ сағат «__» қол қойып, жіберді:
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасынан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер: ______________
ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________
Өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама:
20__жылы «___»______сағат «__» қабылданды.
Процессинг орталығының ЭЦҚ-нан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________

1.2 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (құралдарды) және оларды өндірушілерді тіркеуге өтініш

Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік станцияларды,
бұйымдарды (құралдарды)
және атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
__________________ процессингтік орталыққа
(кімнен) _____________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,
жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды тұлғаның атауы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы______________________________
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (құралдарды) және оларды өндірушілерді тіркеуге өтініш
______________________________________________________________________ тіркеуді сұраймын
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) және оларды өндірушілер туралы мәліметтер:
1) өндірушінің атауы____________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
2) өндірушінің мекенжайы _______________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
3) өндірушінің елі_______________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
4) Қазақстан Республикасы аумағындағы өкілдің атауы, мекенжайы ____________________________
___________________________________________________________________________________________
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) түрі, атауы _______________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
6) осы бұйыммен (құралмен) бірдейлендіруді жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларының түрі
________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
7) сырғаның (аспалы сырғалар үшін) артқы бөлігінің ішкі жағында қатты сақина тәріздес тиек ұштығының болуы ___________________________________________________________________________
8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) түсі________________________________________________________________________________________
9) сырғаның (аспалы сырғалар үшін) әр бөлігінде (беткі және артқы бөлігінде) өндірушінің сауда маркасының (сауда белгісінің) болуы ___________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
10) сырғаның әр бөлігінде шығарылған күнінің болуы (беткі және артқы бөлігінде) ___________________________________________________________________________________________
11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) өлшемі____________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
12) аспалы сырғаның (аспалы сырғалар үшін) беткі бөлігіндегі сыртқы жағында штрих-кодтың болуы __________________________________________________________________________________________
13) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымды (құралды) дайындау материалы _________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
14) қайта пайдалану ____________________________________________________________________
15) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) зиянсыздығы________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
16) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардағы (құралдардағы) жазбалар (өшірілетін, өшірілмейтін) (аспалы сырғалар үшін) _______________________________________
___________________________________________________________________________________________
17) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардағы (құралдардағы) жазбалардың, мәліметтердің машинамен оқылуы_________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
18) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) (радиожиілік белгілері бар аспалы сырғалар, чиптер, болюстер және жануарларды электрондық бірдейлендірудің басқа да құралдары үшін) ISO 11784 және ISO 11785 халықаралық стандарттарына сәйкес келуі туралы мәліметтер _____________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
19) Жануарлар туралы жазбалар жүргізу жөніндегі халықаралық комитетте (ICAR)) бұйымдарды (құралдарды) (аспалы сырғалар үшін) тіркеуден өткізу туралы мәліметтер ___________________________
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
20__ жылғы «__» _________ сағат «____» қол қойып, жіберді:
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасынан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер: ______________
ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________
Өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама:
20__жылы «___»______сағат «__» қабылданды.
Процессинг орталығының ЭЦҚ-нан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________

1.3 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеуге өтініш

Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік станцияларды,
бұйымдарды (құралдарды) және
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
__________________ процессингтік орталыққа
(кімнен) _____________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды тұлғаның
атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы____________________________
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеуге өтініш
_____________________________________________________________________ тіркеуді сұраймын
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар және оларды өндірушілер туралы мәліметтер:
1) өндірушінің атауы_________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
2) өндірушінің мекенжайы ____________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
3) өндірушінің елі____________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
4) Қазақстан Республикасы аумағындағы өкілдің атауы, мекенжайы _________________________
____________________________________________________________________________________
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттың түрі, атауы
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
6) осы атрибутпен бірдейлендіруді жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларының түрі___
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
7) тот баспауға төзімділігі ______________________________________________________________
8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттарда тауар маркасының болуы____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
9) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибутты дайындау материалы________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттардың өлшемдері (жануарларды таңбалауға пайдаланылатын аппараттар үшін)____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттардың зиянсыздығы______________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
20__ жылғы «__» _________ сағат «__» қол қойып, жіберді:
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасынан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер: ______________
ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________
Өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама:
20__жылы «___»______сағат «__» қабылданды.
Процессинг орталығының ЭЦҚ-нан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________

1.4 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік станцияларды,
бұйымдарды (құралдарды) және
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу қағидаларына
4-қосымша
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Про­цес­синг­тік ор­та­лық (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
1 (бір) жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Тір­ке­уден өт­ке­ні ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­мен бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген жағ­дай­да, өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі – жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 9.00-ден 17.00-ге дей­ін.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) пор­тал­да ор­на­лас­қан.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) ла­зер­лік стан­ци­я­лар­ды тір­кеу үшін:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да ла­зер­лік стан­ци­я­лар­ды тір­ке­у­ге өті­ніш­ті;
2) бұй­ым­дар­ды (құ­рал­дар­ды) және олар­ды өн­ді­ру­ші­лер­ді тір­кеу үшін:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бір­дей­лен­ді­ру­ді жүр­гі­зу үшін бұй­ым­дар­ды (құ­рал­дар­ды) және олар­ды өн­ді­ру­ші­лер­ді тір­ке­у­ге өті­ніш­ті;
3) ат­ри­бут­тар­ды және олар­ды өн­ді­ру­ші­лер­ді тір­кеу үшін:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бір­дей­лен­ді­ру­ді жүр­гі­зу үшін ат­ри­бут­тар­ды және олар­ды өн­ді­ру­ші­лер­ді тір­ке­у­ге өті­ніш­ті ұсы­на­ды.
Же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу ту­ра­лы не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­ме­ті­нің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алу­ға бо­ла­тын құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан та­лап ету­ге жол бе­ріл­мей­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ка­би­не­т­ін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін сұ­ра­ным­ның қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы ти­іс­ті мәр­те­бе өті­ніш­тің қа­был­дан­ға­нын рас­тау бо­лып та­бы­ла­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту негіз­де­рі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы тір­кеу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 30 қаң­тар­да­ғы № 7-1/68 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11127 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бір­дей­лен­ді­ру қа­ғи­да­ла­рын­да бел­гі­лен­ген ны­сан­дар­ға, мөл­шер­ле­ріне және си­патта­ма­сы­на сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бі­рың­ғай бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры пор­тал­да көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы:1414, 8 800 080 7777.

1.5 Тіркеуден өту туралы хабарлама

Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік станцияларды,
бұйымдарды (құралдарды) және
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Тіркеуден өту туралы хабарлама
Құрметті___________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)
лазерлік станция және/немесе ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар
(құралдар) және атрибуттар және оларды өндіруші ______________________________________________
__________________________________________________________________________________________
(атауы)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығымен
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11926 болып тіркелген) бекітілген Ауыл
шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды)
және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасында
20_____ жылғы «___» ___________________ №_______________ болып _____________________дейінгі
(тіркелген күні) (тіркеу нөмірі) (тіркеу мерзімі)
мерзімге тіркелгенін хабарлаймыз.
Басшы____________________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20____жылы «___» _________ сағат «__» қол қойып, жіберді.
Электрондық цифрлық қолтаңбадан алынған деректер: __________________________________________
Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою күні мен уақыты: ___________________________________.

1.6 Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту

Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік станцияларды,
бұйымдарды (құралдарды) және
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Құрметті __________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)
Сіздің 20___ жылғы «__» ___________________________ №_____________________өтініміңіз бойынша
______________________________________________себепті қызмет көрсетуден бас тартылды.
Басшы____________________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Электрондық цифрлық қолтаңбадан алынған деректер: _________________________________________
Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою күні мен уақыты: _______________________.

1.6 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін тіркелген лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар), атрибуттар және оларды өндірушілер тізілімі

Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік станцияларды,
бұйымдарды (құралдарды) және
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін тіркелген лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар), атрибуттар және оларды өндірушілер тізілімі
р/с

Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ата­уы (же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі /биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі)
Өн­ді­ру­ші­нің ата­уы
Та­у­ар­дың ата­уы
Жа­ну­ар тү­рі
Тү­рі
Соң­ғы сер­ти­фи­кат­тал­ған кү­ні
Си­па­ты (си­патта­ма­сы)
Өн­ді­ру­ші­нің ко­ды
Өн­ді­ру­ші­нің елі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

Қолданыстағы