Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2015 года № 934 «Об определении лицензиаров в сфере образования»

Қаулы · № 687 · қабылданған 26.10.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2015-no-934-ekb-125388/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2015 года № 934 «Об определении лицензиаров в сфере образования» Қолданыста Қаулы ·№ 687 ·26.10.2018
26.10.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2015 года № 934 «Об определении лицензиаров в сфере образования»

Қолданыста Қаулы ·№ 687 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2015 года № 934 «Об определении лицензиаров в сфере образования»
Атауы (қаз.)
«Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
687
Қабылданған күні
26.10.2018
Көрсетілген редакция
26.10.2018 125388_364454.kaz
Соңғы өзгеріс
26.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000687
ЭКБ идентификаторы
125388
Редакция идентификаторы
125388_364454
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:49

0 «Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 57-58, 468-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім, кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, діни білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің білім саласындағы аумақтық бақылау департаменттері бастауыш білім, негізгі орта білім, жалпы орта білім, біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып;
3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар айқындалсын.»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 26 қазандағы
№ 687 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 21 қарашадағы
№ 934 қаулысына
қосымша
Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар
Р/с №
Мемлекеттік орган
Лицензияланатын қызмет түрі
Лицензияланатын кіші қызмет түрі
Лицензиар
1
2
3
4
5
1
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті
Білім беру қызметі
Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім беру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
Діни білім беру
2
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті
Білім беру қызметі
Бастауыш білім беру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің білім саласындағы аумақтық бақылау департаменттері
Негізгі орта білім беру
Жалпы орта білім беру
Біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру
Біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру

Қолданыстағы