Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2015 года № 934 «Об определении лицензиаров в сфере образования»

Қаулы · № 121 · қабылданған 04.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2015-no-934-ekb-153184/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2015 года № 934 «Об определении лицензиаров в сфере образования» Қолданыста Қаулы ·№ 121 ·04.03.2021
04.03.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2015 года № 934 «Об определении лицензиаров в сфере образования»

Қолданыста Қаулы ·№ 121 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2015 года № 934 «Об определении лицензиаров в сфере образования»
Атауы (қаз.)
«Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
121
Қабылданған күні
04.03.2021
Көрсетілген редакция
04.03.2021 153184_514312.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000121
ЭКБ идентификаторы
153184
Редакция идентификаторы
153184_514312
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:21

0 «Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 57-58, 468-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім, кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, діни білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері бастауыш білім, негізгі орта білім, жалпы орта білім, біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім, біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметке лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар;
3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар болып айқындалсын.»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 21 қарашадағы
№ 934 қаулысына
қосымша
Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға
лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар
Р/с №
Мемлекеттік орган
Лицензияланатын қызмет түрі
Лицензияланатын кіші қызмет түрі
Лицензиар
1
2
3
4
5
1
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Білім беру қызметі
Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім беру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
Діни білім беру
2
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Білім беру қызметі
Бастауыш білім беру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық білім
саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері
Негізгі орта білім беру
Жалпы орта білім беру
Біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша
техникалық және кәсіптік білім беру
Біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру

Қолданыстағы