О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2015 года № 934 «Об определении лицензиаров в сфере образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2015 года № 934 «Об определении лицензиаров в сфере образования»
- Атауы (қаз.)
- «Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 51
- Қабылданған күні
- 07.02.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2027
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2025 206985_744287.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2500000051
- ЭКБ идентификаторы
- 206985
- Редакция идентификаторы
- 206985_744287
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:12
0 «Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері:
бастауыш білім беру;
негізгі орта білім беру;
жалпы орта білім беру;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру;
кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсыну;
мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту үшін бiлiм беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдарда:
реттік нөмірі 3-жолдың 4-бағаны мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«
7. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту
».