О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 993 «О государственных премиях Республики Казахстан в области науки и техники имени аль-Фараби, литературы и искусства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 993 «О государственных премиях Республики Казахстан в области науки и техники имени аль-Фараби, литературы и искусства»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 793
- Қабылданған күні
- 28.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.11.2018 126421_374640.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1800000793
- ЭКБ идентификаторы
- 126421
- Редакция идентификаторы
- 126421_374640
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:24
0 «Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1
1. «Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 2, 6-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының
әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия жұмыстарды Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беруге түпкілікті іріктеу қорытындылары бойынша ерекше жағдайларда оны авторлармен қатар шығармашылық ұжымға беруді ұсынуы мүмкін.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық авторлармен қатар шығармашылық ұжымға берілген жағдайда, оның ақшалай сыйақысы шығармашылық ұжымға қатысушылардың, оның ішінде авторлардың арасында тең бөлінеді.».