О внесении изменения в решение Мунайлинского районного маслихата от 21 августа 2015 года №36/383 «О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на неиспользуемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения в Мунайлинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Мунайлинского районного маслихата от 21 августа 2015 года №36/383 «О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на неиспользуемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения в Мунайлинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы №36/383 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Мұнайлы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 42/457
- Қабылданған күні
- 16.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2021 101186_519431.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16MG003007
- ЭКБ идентификаторы
- 101186
- Редакция идентификаторы
- 101186_519431
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:02
0 Мұнайлы аудандық мәслихатының
2015 жылғы 21 тамыздағы №36/383
«Қазақстан Республикасының жер
заңнамасына сәйкес Мұнайлы ауданында
пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерге жер салығының
базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай
жер салығының мөлшерлемелерін
жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс
енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №10-11-148 ақпараттық хатының негізінде, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы №36/383 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Мұнайлы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2834 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
кіріспе бөлімі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
2 2. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы С. Есенкулов).
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау
облысы бойынша мемлекеттік кірістер
департаментінің Мұнайлы ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М. Таңатар
16 наурыз 2016 жыл.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жер
қатынастары бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ә. Өтегенов
16 наурыз 2016 жыл.