О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 21 октября 2016 года № 19 «Об утверждении Положения о Комиссии по этике уполномоченного органа по делам государственной службы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 21 октября 2016 года № 19 «Об утверждении Положения о Комиссии по этике уполномоченного органа по делам государственной службы»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 52
- Қабылданған күні
- 27.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2018 119228_299414.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016465
- ЭКБ идентификаторы
- 119228
- Редакция идентификаторы
- 119228_299414
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:36
0 «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 қазандағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14374 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы туралы ережесінде:
6-тармақтың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Комиссияның жеке құрамы Агенттіктің төрағасымен анықталады. Комиссия құрамын Комиссия төрағасы мен мүшелері құрайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Комиссияның Төрағасы:
1) Комиссияны басқарады, оның жұмысын басшылыққа алуын іске асырады және ұйымдастырады;
2) Комиссия мәжілісінің күн тәртібін анықтайды;
3) Комиссия мәжілісін шақыртады және онда төрағалық етеді;
4) Комиссия мәжілісінде қаралатын нақты мәселе бойынша баяндаушыны анықтайды;
5) Комиссияның жабық мәжілісін өткізу туралы шешім бекітеді;
6) Комиссияның шешімін мемлекеттік органға жолдайды;
7) Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Агенттіктің төрағасына баяндайды.
Комиссия төрағасы болмаған кезде оның тапсырмасы бойынша Комиссия мүшелерінің бірі төрағаның міндеттерін атқарады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті заңмен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;