О внесении изменений в решение Зеленовского районного маслихата от 21 апреля 2016 года № 2-3 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Зеленовского районного маслихата от 21 апреля 2016 года № 2-3 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
- Атауы (қаз.)
- Зеленов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 2-3 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3-6
- Қабылданған күні
- 17.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2020 103335_446223.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ZG004453
- ЭКБ идентификаторы
- 103335
- Редакция идентификаторы
- 103335_446223
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:09
0 Зеленов аудандық мәслихатының
2016 жылғы 21 сәуірдегі № 2-3
«Жиналыстар, митингілер, шерулер,
пикеттер және демонстрацияларды өткізу
тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңына сәйкес, Зеленов аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Зеленов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі
№2-3 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4368 тіркелген, 2016 жылғы 6 мамырдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған)
мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Зеленов ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу бойынша қосымша реттелген тәртібі туралы қосымшасында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтiнiш беру кезінде осы тәртіптің 4-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда (яғни, рәсімдік талаптар), ол жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуден бас тартуға негіз бола алмайды.
Мұндай жағдайда Әкімдік жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі, оның келіп түскен күнінен бастап есептеледі.»;
8-тармақтың 6), 7) – тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) алкогольдік ішімдік ішкен және есірткі қабылдаған жағдайда жиналысқа, митингіге, шеруге, пикетке немесе демонстрацияға қатысуға;»;
«7) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзiмсiздiктi, тектік астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғуға бағытталған транспаранттарды, ұрандарды және басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео) қолдануға, сондай-ақ көпшілік алдында сөз сөйлеуге;».