О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 21 октября 2016 года № 20 «Об утверждении Правил разработки и утверждения должностной инструкции административного государственного служащего»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 21 октября 2016 года № 20 «Об утверждении Правил разработки и утверждения должностной инструкции административного государственного служащего»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 20 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 151
- Қабылданған күні
- 30.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2020 146964_484701.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021346
- ЭКБ идентификаторы
- 146964
- Редакция идентификаторы
- 146964_484701
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:32
0 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын
әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы
№ 20 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14454 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларында:
жоғарыда көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2020 жылғы 30 қыркүйегі
№ 151 бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік әкімшілік
қызметшінің лауазымдық
нұсқаулығын әзірлеу мен
бекіту қағидаларына
қосымша
Нысан
«БЕКІТІЛДІ»
_______________________________
(мемлекеттік лауазымға
тағайындауға және мемлекеттік
лауазымнан босатуға құқығы
бар лауазымды адамның
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
_______________________________
(мемлекеттік органның атауы,
актінің датасы, нөмірі)
1. Жалпы ережелер
2.________________________________ құқықтары
(лауазымның атауы)
3.________________________________ міндеттері
(лауазымның атауы)
4.________________________________ жауаптылығы
(лауазымның атауы)
Атқарып отырған лауазымнан босатылған кезде мен жұмыс беруші сеніп
тапсырған мүлікті, істер номенклатурасына және жоғарыда аталған міндеттерге
сәйкес, сондай-ақ аяқталған және ағымдағы жобалар бойынша қолда бар
қызметтік құжаттаманы тікелей басшы айқындайтын мемлекеттік қызметшіге
тапсыратын боламын.
Таныстым:
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда), қолы, датасы)