Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата от 21 июня 2016 года № 286 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере технического и профессионального образования»

Қаулы · № 569 · қабылданған 20.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2016-no-286-ekb-109343/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата от 21 июня 2016 года № 286 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере технического и профессионального образования» Күшін жойған Қаулы ·№ 569 ·20.12.2016
29.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата от 21 июня 2016 года № 286 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере технического и профессионального образования»

Күшін жойған Қаулы ·№ 569 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата от 21 июня 2016 года № 286 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере технического и профессионального образования»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 286 «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
569
Қабылданған күні
20.12.2016
Көрсетілген редакция
29.01.2020 109343_442272.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16N0006811
ЭКБ идентификаторы
109343
Редакция идентификаторы
109343_442272
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:51

0 Әкімдіктің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 286 «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 286 «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі 6556 тіркелген, 2016 жылғы 4 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент):
5-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын зерделеп, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, 19 (он тоғыз) күнтізбелік күні.»;
7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын зерделеп, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, 19 (он тоғыз) күнтізбелік күні;»;
8-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттар топтамасын дайындайды және оны курьерлік немесе осыған өкілетті өзге де байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды, 1 (бір) күнтізбелік күні;»;
8-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды, 19 (он тоғыз) күнтізбелік күні;»;
Регламенттің қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Шартты белгілер

Әкімдіктің
2016 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 569 қаулысына қосымша
«Техникалық және кәсіптік білім
туралы құжаттардың телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер

Қолданыстағы