Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата Кордайского района от 21 сентября 2016 года № 324 «Об определении сроков представления заявок на получение субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур»

Қаулы · № 414 · қабылданған 28.11.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2016-no-324-ekb-108332/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата Кордайского района от 21 сентября 2016 года № 324 «Об определении сроков представления заявок на получение субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур» Күшін жойған 30.12.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении дополнений в постановление акимата Кордайского района от 21 сентября 2016 года № 324 «Об определении сроков представления заявок на получение субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур»

Күшін жойған Қаулы № 414 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата Кордайского района от 21 сентября 2016 года № 324 «Об определении сроков представления заявок на получение субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур»
Атауы (қаз.)
«Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы» Қордай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі №324 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
414
Қабылданған күні
28.11.2016
Қолданысқа енгізілген күні
22.12.2016
Көрсетілген редакция
30.12.2022 108332_614023.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16GE003255
ЭКБ идентификаторы
108332
Редакция идентификаторы
108332_614023
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:10
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы» Қордай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі №324 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы» Қордай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 324 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3172 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 19 қазанында жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасымен толықтырылсын.

2. «Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулының Қордай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары

Б Саниязовқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

9 Қордай ауданы әкімдігінің

2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 414 қаулысына қосымша
Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша өтінімдерді ұсыну мерзімдері

Басым ауыл шаруашылығы дақылдары
Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы
Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы
16.
Күздік бидай
15.12.2016 жыл
23.12.2016 жыл
17.
Жаздық арпа
15.12.2016 жыл
23.12.2016 жыл
18.
Ашық топырақтағы көкөніс
15.12.2016 жыл
23.12.2016 жыл