О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 21 января 2016 года № 50 «Об утверждении Правил организации дуального обучения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 21 января 2016 года № 50 «Об утверждении Правил организации дуального обучения»
- Атауы (қаз.)
- «Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 455
- Қабылданған күні
- 11.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2018 125156_359993.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017544
- ЭКБ идентификаторы
- 125156
- Редакция идентификаторы
- 125156_359993
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:15
0 «Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13422 болып тіркелген, «Әділет» нормативтік құқықтық актілерді ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 31 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің
2018 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 455 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 21 қантардағы
№ 50 бұйрығымен бекітілген
Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-12) тармақшасына сәйкес әзірленді және дуальды оқытудың ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Осы Қағида меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарына, дуальды оқытуға қатысатын оқу орталықтарына, кәсіпорындарға (ұйымдарға) таратылады.
2 2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) білім алушы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымындағы білім алушы адам;
2
2) білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын, оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
3 3) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
4 4) біліктілік беру – нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, шеберлік пен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;
5 5) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
6
6) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
7 7) дуальды оқыту туралы шарт – өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту шарттары мен тәртібін регламенттейтін, білім алушы, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту үшін жұмыс орнын ұсынатын кәсіпорын (ұйым) және оқу орны арасындағы жазбаша келісім;
8 8) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағыттталған өзара байланысты іс-қимыл жинағы;
9 9) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;
10 10) кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, кәсіп пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;
11 11) кәсіпорын (ұйым) – осы Қағидаға сәйкес дуальды оқытуға қатысатын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер;
12 12) өтемақы төлемдері – еңбек қатынастарында тұрмайтын жұмыскерлерді немесе басқа да адамдарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктіліктерін арттыруға байланысты ақшалай төлемдер;
13 13) өндірістік оқыту – білім беру ұйымдарының және (немесе) кәсіпорындардың (ұйымдардың) базасында білім алушылардың теориялық білім алуына, практикалық машықтануына бағытталған оқыту;
14 14) оқу бағдарламасы – әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
15 15) оқу орны – дуальды оқыту бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
16 16) оқу орталығы – өндірістік практиканы міндетті ұйымдастырумен қоса қосымша білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын меншіктің тәуелсіз нысаны;
17 17) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;
18 18) тәлімгер – кәсіпорынның (ұйымның) өндіріс немесе қызметтер көрсету саласы технологияларын меңгерген, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын білікті жұмыскері;
19 19) тыңдаушы – қосымша білім беру немесе даярлық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында оқитын адам.
3 3. Дуальды оқытудың қатысушылары:
1 1) меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;
2 2) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар (ұйымдар);
3 3) білім алушы – студент (тағылымдамашы), тыңдаушы.
4 4. Дуальды оқытудың міндетті компоненттері:
1 1) дуальды оқыту туралы шарт;
2 2) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген дуальды оқытудың жұмыс оқу жоспары;
3
3) өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы іске асыру үшін жабдықталған оқу, жұмыс орындары және/немесе кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) оқу-өндірістік орталық немесе өндірістік оқытуды іске асыру үшін оқу-өндірістік шеберханалар, зертханалар, колледждердегі оқу полигондары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында;
4 4) кәсіпорындарда (ұйымдарда) өндірістік оқытудың және кәсіптік практиканың білікті тәлімгерлері болып табылады.
2 2-тарау. Дуальды оқытуды ұйымдастыру тәртібі
5 5. Дуальды оқыту дуальды оқыту туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
6 6. Дуальды оқытуға арналған іріктеу:
1 1) кәсіпорын (ұйым) өткізетін кадрларды даярлаудың дуальды бойынша білім алуға ниет білдірген білімалушылармен әңгімелесу нәтижелері бойынша;
2 2) еркін нысандағы азаматтардың өтініші бойынша жүргізіледі.
7 7. Дуальды оқыту шеңберінде оқу процесін ұйымдастыру оқу орны бекіткен және кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген, тиісті үлгілік оқу жоспарларының және бағдарламалар негізінде әзірленген оқу жоспарларына және бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
8
8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды, сондай-ақ оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында - өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен, кәсіпорындар (ұйымдар) базасында тәлімгердің, өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен орындалатын өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды.
9 9. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың нысаны, мазмұны және көлемі тиісті мамандық пен біліктілік бойынша қолданыстағы білім беру бағдарламаларының негізінде айқындалады.
10 10. Дуальды оқыту пайдаланылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, практиканы көздейді.
11 11. Оқу процесінің кестесін білім беру ұйымы бекітеді және кәсіпорынмен (ұйыммен) келісіледі.
12 12. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушыға 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес кәсіпорынның еңбек тәртібі қағидасы қолданылады.
13 13. Білім алушы өндірістік оқыту мен практикадан өту уақытында білім алушының еңбек өтіліне есептелетін белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайды және сол уақыт үшін өтемақы төлемі жүргізілуі рұқсат етіледі.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтетін адамдарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар қолданылады.
14 14. Кәсіпорынның (ұйымның) қалауына қарай білім алушыға өтемақы белгіленеді.
15 15. Біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілік беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді білім алушылардың меңгеру қорытындысы және (немесе) аралық аттестаттау нәтижелері бойынша кәсіптік даярлық туралы куәлік береді
16 16. Аралық аттестаттауды оқу орны өткізеді, ол үшін дуальды оқытуда қатысатын кәсіпорындардан (ұйымдардан) (тәлімгерлерді аттестаттаумен байланысты емес) мамандарды тарта отырып емтихан комиссиясы құрылады.
17 17. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға жұмысшы біліктілігі және (немесе) «орта буын маманы» біліктілігі беріледі.
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға «қолданбалы бакалавр» біліктілігі беріледі.
18 18. Қорытынды аттестаттаудан табысты өткенде білім алушы, мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
3 3-тарау. Дуальды оқытуды ұйымдастыру процесіне қатысушылардың функциялары
19 19. Білім беру саласындағы уәкілетті орган дуальды оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультативті көмек көрсетеді және дуальды оқыту шеңберінде басқа да құзыреттеді жүзеге асырады.
20
20. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дуальды оқыту туралы үшжақты шарттар жасауға жәрдемдеседі, дуальды оқыту пайдаланумен оқу-әдістемелік материалдарды, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, білім беретін оқу бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеуге қатысады, дуальды оқыту бойынша білім алған бітірушілерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады, кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби кадрларға қажеттіліктеріне мониторинг жүргізеді, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының жұмысын үйлестіреді, дуальды оқыту шеңберінде өзге де құзыреттерді жүзеге асырады.