О внесении изменения в решение Есильского районного маслихата от 21 июня 2016 года № 5/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Есильского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Есильского районного маслихата от 21 июня 2016 года № 5/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Есильского района»
- Атауы (қаз.)
- Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 маусымдағы № 5/3 «Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17/5
- Қабылданған күні
- 29.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2019 114771_390826.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BK006081
- ЭКБ идентификаторы
- 114771
- Редакция идентификаторы
- 114771_390826
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:01
0 Есіл аудандық мәслихатының
2016 жылғы 21 маусымдағы № 5/3
«Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту
туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Есіл аудандық мәслихатының «Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылгы 21 маусымдағы № 5/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5466 тіркелген, 2016 жылғы 1 тамызда «Жаңа Есіл» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
10 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«4) жылына бір рет 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – арнайы комиссияның шешімі бойынша, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян шеккен азаматтарға (отбасыларға);».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл ауданының әкімі
А. Қалжанов
29 тамыз 2017 жыл