Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5/50 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Мангистауского района»

Ереже · № 44/486 · қабылданған 08.01.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2016-no-550-ekb-152190/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5/50 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Мангистауского района» Қолданыста Ереже ·№ 44/486 ·08.01.2021
08.01.2021 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5/50 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Мангистауского района»

Қолданыста Ереже ·№ 44/486 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5/50 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Мангистауского района»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/50 «Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
44/486
Қабылданған күні
08.01.2021
Көрсетілген редакция
08.01.2021 152190_505270.kaz
Соңғы өзгеріс
08.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21ME004436
ЭКБ идентификаторы
152190
Редакция идентификаторы
152190_505270
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:00

0 Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/50 «Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 05-10-1721 ұсынысының негізінде, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1

1. «Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы» Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/50 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3193 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережесінде:
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен азаматтар экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, әскери және өзге мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық және мемлекеттiк қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.»;
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы»;
9 тармақта:
екінші, үшінші бөліктер жаңа редакцияда жазылсын:
«Қосымшаның айқара ашылған бетінің сол жағы ұлттық оюмен өрнектелген, ал оң жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнесінің төменгі жағында марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін көрсету үшін орын қалдырылады. Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының қолдары орналастырылады.»;
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасын тапсырудың тәртібі».

2 2. «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және Маңғыстау аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы