Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5/50 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Мангистауского района»

Ереже · № 14/149 · қабылданған 05.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2016-no-550-ekb-171539/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5/50 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Мангистауского района» Қолданыста Ереже ·№ 14/149 ·05.09.2022
05.09.2022 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5/50 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Мангистауского района»

Қолданыста Ереже ·№ 14/149 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5/50 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Мангистауского района»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/50 «Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
14/149
Қабылданған күні
05.09.2022
Көрсетілген редакция
05.09.2022 171539_591159.kaz
Соңғы өзгеріс
05.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22ME029526
ЭКБ идентификаторы
171539
Редакция идентификаторы
171539_591159
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:17

0 Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/50 «Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Маңғыстау аудандық мәслихатының «Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы» 2016 жылғы 21 қазандағы №5/50 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3193 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы»;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесі бекітілсін.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережеде:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже»
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді және Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыну мен оны тапсырудың тәртібін айқындайды.»;
3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«3. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыныстарды еңбек, шығармашылық ұжымдары, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер ұсынады.
4. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтала алмайды:
1) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар тұлғалар;
2) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалар;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар;
4) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған әкімшілік жазалары бар тұлғалар.
5. Наградтау бетшесінде наградталушының жеке басын сипаттайтын, оның сол саладағы және еңбек ұжымындағы жалпы еңбек өтілі, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі және сапасы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Наградтау бетшесіне кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.
Аудан әкімі орынбасарларының, ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерінің, бөлімдер басшыларының наградтау бетшесіне аудан әкімі қол қояды.
6. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысының атына наградтау бетшесі мен ұжымның қолдаухаты аудан әкімі аппаратының кадр жұмысының бөліміне жолданады, одан кейін алдын ала қарау және Құрмет грамотасымен наградтау бойынша ұсыныстар дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жолданады.
7. Егер ұсынылған кандидаттар немесе наградтау құжаттары осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болмаса, онда бұл ұсыныс аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізілмейді.
8. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Маңғыстау аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.
Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Құрмет грамотасымен қайта наградтау бес жылдан кейін ғана мүмкін болады.
9. Құрмет грамотасы бетінде Елтаңба белгісі салынған және мемлекеттік тілде «Құрмет грамотасы» деп жазылған, қосымша бетшесі бар көгілдір түсті балакрон папка түрінде болады. Қосымша бетше типографиялық тәсілмен ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.
Қосымшаның айқара ашылған бетінің сол жағы ұлттық оюмен өрнектелген, ал оң жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнесінің төменгі жағында наградталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін көрсету үшін орын қалдырылады. Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының қолдары орналастырылады.
10. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім кадр қызметімен наградталушының еңбек кітапшасы мен жеке ісіне енгізіледі.
11. Наградтау туралы мәліметтер Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасын тапсыру журналына тіркеледі. Журнал аудан әкімі аппаратының наградтау мәселесімен айналысатын маманында 5 жыл бойына сақталады, одан әрі аудан әкімі аппаратының мұрағатына сақтауға тапсырылады.
12. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе оның орынбасарлары, аудандық мәслихаттың хатшысы наградталушының жұмыс істейтін еңбек ұжымында, сессияларда, жиындарда және аудан активінің жиналысында салтанатты түрде табыс етеді.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы