Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5/52 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе»

Ереже · № 32/357 · қабылданған 06.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2016-no-552-ekb-135906/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5/52 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе» Күшін жойған Ереже ·№ 32/357 ·06.11.2019
16.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5/52 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ 32/357 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5/52 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/52 «Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
32/357
Қабылданған күні
06.11.2019
Көрсетілген редакция
16.04.2024 135906_695841.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19ME004020
ЭКБ идентификаторы
135906
Редакция идентификаторы
135906_695841
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:57

0 Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/52 «Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы №445 «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11745 болып тіркелген) сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1

1. «Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/52 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3176 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
3 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«8) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган – «Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);»;
26 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша, ағымдағы қаржы жылына Маңғыстау аудандық бюджетімен қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу әлеуметтік көмек беруге уәкілетті органдар арқылы, әлеуметтік көмекті тағайындауға уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылады.»;
26-1 тармақшамен толықтырылсын:
«26-1. Уәкілетті органның бекіткен тізімі бойынша азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты бір жолғы 100 (жүз) мың теңге мөлшерінде көрсетілетін әлеуметтік көмек тек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын, бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және оданда көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға беріледі.».

2

2. «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е. Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Махмутовқа жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы