О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5/52 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5/52 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/52 «Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 40/435
- Қабылданған күні
- 27.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2024 146139_695827.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20ME004281
- ЭКБ идентификаторы
- 146139
- Редакция идентификаторы
- 146139_695827
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:03
0 Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/52 «Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1
1.«Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/52 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3176 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.»;
6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» және 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен көрсетіледі.»;
26-1 тармақ алынып тасталсын.