О внесении изменений в решение городского маслихата от 21 октября 2016 года № 5/57 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Актау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение городского маслихата от 21 октября 2016 года № 5/57 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Актау»
- Атауы (қаз.)
- Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/57 «Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8/102
- Қабылданған күні
- 16.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2021 112688_519510.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MA003372
- ЭКБ идентификаторы
- 112688
- Редакция идентификаторы
- 112688_519510
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:06
0 Қалалық мәслихаттың
2016 жылғы 21 қазандағы № 5/57
«Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін
көрсетудің мөлшерін және тәртібін
айқындау туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы №76 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы №5/57 «Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3191 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 6 желтоқсанында жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде:
7 тармақта:
1) тармақша келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);»;
3) тармақша келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауыл әкімдерінің анықтамасы;».
2
2. «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы - Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ы. Көшербай) жүктелсін.
4 4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________Г. Хайрлиева
«24» мамыр 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін атқарушы
_____________________М.Жұбаназарова
«24» мамыр 2017 жыл