О внесении изменений в решение Актауского городского маслихата от 21 октября 2016 года № 5/57 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Актау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Актауского городского маслихата от 21 октября 2016 года № 5/57 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Актау»
- Атауы (қаз.)
- Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/57 «Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32/371
- Қабылданған күні
- 15.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2021 144009_519516.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20MA004240
- ЭКБ идентификаторы
- 144009
- Редакция идентификаторы
- 144009_519516
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:04
0 Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/57
«Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және
тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы №10-15-123 және 2020 жылғы 22 қаңтардағы №10-11-171 ұсыныстарының негізінде, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1
1. «Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/57 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3191 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
1 қосымшада:
кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«Осы Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі №512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы», 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулыларына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №226 «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №20498 болып тіркелген) сәйкес әзірленген.»;
7 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.